АҚМЕШІТ АСТАНА АТАНҒАН ШАҚ
Өткен тарихтың ескі парақтарын ашып, Қызылорданың еліміздің астанасы атанғандығы туралы архив деректеріне жүгінсек, тарих қойнауына кеткен ұлы оқиғалар уақыт өте келе қайта жаңғыруы заңдылық.
1924 жылы Орта Азияда ұлттық мемлекеттік шекараларды белгілеу нәтижесінде Өзбекстан, Түркменстан республикалары, Қырғыз, Тәжік автономды облыстары құрылғаны белгілі. Осы шара негізінде Түркістан республикасы құрамындағы қазақтарды Қазақ автономды республикасына қосылып, ұлт бір тұтастығын қамтамасыз етіп, жер көлемін арттырды. Астананың бір қиырда орналасуы Қазақстан Үкіметінің де жергілікті жерлердегі партия, кеңес, шаруашылық ұйымдарымен тығыз байланысына едәуір қиындық келтірді. Сондықтан астананы ауыстыру қажеттігі туындады. Осы жағдайларды ескере келе жаңа астананы іздестіру шаралары басталып, нәтижесінде таңдау Ақмешіт қаласына түсті.
Тарихи деректерге сүйене отырып, «осынша таңдаудың ішінен Ақмешіттің алға озуының сыры, артықшылығы неде?» деген сауалға жауап іздеп көрдік. Біріншіден, мұнда қазақтар көп тұрады. Екіншіден, теміржол республиканың жаңа астанасын Ресей мен Қазақстанның батыс, оңтүстік аудандарымен және Орта Азия республикаларымен тікелей байланыстыратындығы алдымен ескеріледі. Қала суармалы егістің орталығында орналасқан. Оған қоса алыстағы Орынбормен қарым-қатынас жасаудың қиындығы көптеген істерге кедергі келтіретіндігі себеп болды. Бұл дәлелдер астананы Ақмешітке көшіру процесін тездетті.
Сұлтанбек Қожанов астананы Орынбордан қазақтың қалың ортасына көшіруді қызу қолдады. «Мемлекет астанасының жұртшылығына сүйеніп істемесе, бас хүкіметтің ісі оңбайды» деп жазды. Баспасөз бетінде, яғни «Ақжол» газетінде «Кешіктірмей келісу керек» (1924ж.), «Іс жүзінде орындау керек» (1924ж.), «Қазақтың кіндігі қай қала болсын» (1925ж.), т.б. мақалалар жарияланды. Тағы бір мақаласында «Қазақстан астанасы орыстың туы тігілген қалада емес, қаласы жоқтықтан қазақтың киіз ауылында болса да, қазақ жұртшылығына жуық болуы керек. Қазақ астанасы болуға Орынбор қаласы шетте болғандықтан ғана жарамайды емес, қазақ қаласы болмағандықтан, қазақ ұлт мемлекетінің ұлтшылдығына орда болуына қисыны жоқтықтан жарамайды. Қазақ ұлт мемлекетшілдігіне әдемі қала, ыңғайлы үйлер керек емес, жаман да болса, өз ордасы болуы керек. Орынбордан көшпей, қазақ ұлтының ішкі тіршілігі оңдалып, қазақ еңбекшілерінің көпшілігінің қолына керекті шаралар іс жүзінде істелуі қиын» деп жазды.
Содан, 1925 жылдың ақпанында Қазақ Орталық Атқару Комитеті Президиумы республика астанасын Орынбор қаласынан Ақмешіт қаласына көшіру жайлы қаулы қабылдайды. Ал 6 сәуірде Орынбор губерниясы Қазақ автономиясы құрамынан шығарылды.
Перовск станциясы теміржол жұмысшылары Қазақстан өкіметін Ақмешітке көшіру үшін үш күн ішінде «Қызыл паровозды» жөндеуден өткізіп, Орынборға жібереді. Қырғыз (Қазақ) АССР Кеңестерінің V съезі делегаттары және өкімет мүшелері бар поез Орынбордан республиканың жаңа астанасы, Ақмешітке 1925 жылдың наурыз айының аяғында аттанды.
Осы жерде Сәбит Мұқановтың «Өмір мектебінен» үзінді келтірейік. «Әміре сияқты әншіге, Иса сияқты ақынға, Қажымұқан сияқты балуанға серік болғандықтан Орынбор мен Ақмешіттің арасындағы көзді талдыратын шетсіз-шексіз шөл даладан, бұйра құмдардан қалай өтіп, Ақмешітке қалай таянғанымызды аңғармай да қалыппыз.
Қалың жұрттың арасын осылайша қақ жарған поезд Ақмешіт станциясына келіп тоқтады. Ол арада да ошарылған халықта қисап жоқ екен. Орынбордағы милиция мектебінің курсанттары бар, республикалық және жергілікті милиция қызметкерлері бар – бәрі жиналып, үкімет адамдарының вокзалдан әрі өтуіне жолды әрең ашты. Аржақ – бақшалы кең алаң екен. Осы алаңға биік жасаған мінбердің үстінде митинг партия комитетінің секретары, бізге белгілі – Әбілхайыр Досов. Ақмешіт вокзалының ішкі алаңында Әбілхайыр Досов басқарған митингте көп адам сөйледі. Олардың басым көпшілігінің кім екені есімде жоқ. Есімде ең берік қалған шешеннің біреуі: арық, ұзын денелі, мұрны қоңқиған, көздері кішірек қоңыр өңді бала жігіт. Ол пионерлер атынан сөйледі. Кейін білсем, белгілі ақындарымыздың бірі – Әбділда Тәжібаев екен.
Съезге келген делегаттарға арналған айналасы биік кірпіш қорғанмен қоршалған, оның ішіндегі бірталай үй күйдірген кірпіштен салынып, шатырлары қаңылтырмен жабылған жайлар екен. Бұл үйлер жуық араға дейін жындыхана болған. Қазақстан үкіметі орнағанда мекемелері жайғасуға осыдан қолайлы үй қалада болмағандықтан, жындыхана Ақмешіттен қырық километр жердегі «Аламесек» аталатын бір орынға көшірілген. Делегаттар осы үйлерге сыйғанынша жайғасты».
Бұл қазақ халқының тарихы мен тағдырындағы аса маңызды съезд қарсаңындағы Ақмешіттегі қарбалас сәт еді. 1925 жылы 15 сәуірде Ақмешіт қаласында бүкіл Қазақстан еңбекшілері өкілдерінің басын қосқан Қазақ АССР Кеңестерінің 5-сьезі ашылды.Сьездің күн тәртібіне екі мәселе енгізілді. Ұлтымыздың «қазақ» деген атауын қайтару, Ақмешітті Қызылорда қаласы деп атауға қаулы қабылданды. Осы қаулыны жүзеге асыру мақсатында Қызылорда уездік қалалық атқару комитеті 1925 жылы 30 мамырда барлық мемлекеттік мекемелер, кооперативтік және басқа да ұйымдарға мөр, мөртабан, мекеме мандайшаларындағы атауын 1 ай көлемде «Қызылорда» деп өзгертуді міндеттеді.
Көп ұзамай Қазақстанның жаңа астанасы Қызылорданы абаттандыру жоспарын астанаға сай кең көлемді, жүйелі түрде жүргізуді суретші-сәулетші И.В.Рянгин қолға алды. Қала тұрғындарының даму динамикасын ескере отырып, жоспарды алдағы 40 жылға жасауды ұсынды.
1925 жылы 13 мамырда техникалық кеңес отырысында комиссия мүшесі, қазақтың тұңғыш инженері М.Тынышбаев И.Рянгин жасаған қаланың эскиздік жобасын баяндап, жобалау принциптерінің қойылған талаптарға сәйкес келетіндігін атап көрсетті.
Қаланың өркендеуі қазақтың ардагер азаматтарының, мемлекет қайтаркерлерінің есімдерімен тығыз байланысты. Қазақ АССР Орталық Атқару Комитетінің председателі Елтай Ерназаров осындай ардагерлердің бірі. Ол халықтың қалың ортасынан шыққан, ұйымдастырушылық қабілеті мол адам еді. Қазақ АССР Орталық Атқару Комитетінің хатшысы бола жүріп ол экономика мен мәдениетті өркендетуге күш-жігер жұмсады.
Ал қазақ қыздарын еңбекке тартып, ескінің сарқыншақтарына қарсы күреске шақыруда бұл өңірде Алма Оразбаеваның еңбегі аз емес. Халықтың әл-ауқаты, тұрмысы жақсарумен қатар олардың өнерге деген талпынуы да өсті.
Қазақ кеңес әдебиетінің негізін қалаушылар Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, сондай-ақ Сабыр Шәріпов, Николай Анов, Қалмақан Әбдіқадіров, Әбділда Тәжібаев, Асқар Тоқмағамбетов тағы басқа ақын-жазушылардың шығармаларын алғаш рет оқушы қауым Қызылорда да шығып тұратын «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемендік Қазақстан»), «Советская степь» (қазіргі «Казахстанская правда») газеттерінен оқып, танысып отырды.
Тұңғыш қазақ театрының негізі де осында қалана бастады. Әміре Қашаубаев, Құрманбек Жандарбеков, Шара Жандарбекова, Елубай Өмірзақов тағы басқа өнер саңлақтары алғаш рет театр сахнасына шығып, өзерінің таланттарын осында ұштай түсті. М.Әуезовтың «Еңлік-Кебек», Ғ.Мүсіреповтың «Қозы-Көрпеш-Баян сұлу» пьессалары тұңғыш рет Қызылорда сахналарында қойылады.
Бұл жылдарда Қазақстан өмірінде үлкен әлеуметтік-мәдени, рухани өзгерістер болып жатты. Артта қалған республиканың мәдениеті өркендеп, өндірісі ұлғайып, сауатсыздық жойыла бастады. Қазақ қыздарына арналған өлкелік акушерлік техникум, милиция мектебі, әкімшілік-бухгалтерлік, киномеханик даярлайтын курстар жұмыс істеді.
Халық комиссарлар кеңесінің 1927 жылғы 29 сәуірдегі мәжілісінде астананы Алматыға көшіру туралы шешім қабылданды. Алматыны Қазақстанның астанасы етіп шешім қабылдауға Түрксіб теміржолы құрылысының ықпалы тигенін де айта кету керек. Қызылорданың алғашқы астана болғандығы туралы архив құжаттары осылай сыр шертеді. Қазіргі уақытта Қызылорда қаласы – Сыр өлкесіндегі мәдениет пен өнердің ғана емес, облыс экономикасының даму тарихында елеулі орын алатын тұғырлы мекен.

Биболат Сәтжан