АЗИЯНЫҢ ЕҢ ЖЫЛДАМ СПОРТШЫСЫ АТАНҒАН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СПОРТТАН 4 ЖЫЛҒА ШЕТТЕТІЛДІ
Ұлттық антидопингтік орталық сайтында қанында тыйым салынған дәрмектер анықталғаны үшін шеттетілген спортшылардың тізімі жарияланды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл тізімде 2016 жылғы Риодағы Олимпиадаға қатысқан қазақстандық жеңіл атлет Юлия Рахманова бар. Риода ол 100 метрден 4 жүгіретін эстафетаға қатысқан. 27 жастағы спортшы қыздың қанынан тыйым салынған "метастерон" табылған және ереже бойынша ол 2018 жылдың 15 маусымынан бастап 4 жылға шеттетілді. Спортшы қыз 2015 жылғы Кванджуда өткен Бүкіләлемдік Универсиаданың алтын жүлдегері. Ол кезде Рахманова 4 адам 400 метрден жүгіретін эстафетаның қола жүлдегері атанған еді. 2016 жылы 100 метрге жүгіретін Азияның ең жылдам спортшылары тізіміне енген болатын.
Бұл тізімде тағы бір жеңіл атлет Тошәлі Әліқұлов, тай-боксшылары Дмитрий Зуев, Николай Самусев, Аян Тажанов, Қазбек Сағындықов, Жәнібек Қанатбаев, Намик Нефталиев, Фарух Гусейнов, Вадим Лопарев және балық аулаушы Ержан Уахитов бар. Осылайша, 2018 жылы 17 спортшы допингпен ұсталды. Мұның алдында допингтік ережелерді бұзғаны үшін алты спортшы: биатлонист қыз Анна Кистанова, шаңғышы Ердос Ахмадиев, байдаркашы қыз Софья Емельянова, ауыратлет Еркебұлан Айдынұлы және греко-рим стилінде күресетін палуандар Ерасыл Мамырбеков, Сәрсенбай Қалдыбаев жазаға тартылған болатын.