Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚАЗАҚСТАНДА ДҮЙСЕНБІ КҮНІ АУА РАЙЫ ҚҰБЫЛМАЛЫ БОЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ДҮЙСЕНБІ КҮНІ АУА РАЙЫ ҚҰБЫЛМАЛЫ БОЛАДЫ

Дүйсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды КазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Кәсіпорын мәліметтеріне қарағанда, еліміздің кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауып, тек елдің оңтүстігінде ғана күн ашық болады.

Ақмола, Қостанай облыстарында кей жерлерде найзағай ойнап, тұман түсіп, желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.
Алматы, Жамбыл облыстарында кей жерлерде найзағай ойнап, Алматы облысында желдің жылдамдығы секундына 17-22 метрге жетеді.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетіп, арты шаңды дауылға ұласады.
Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының бірқатар аймақтарында найзағай ойнап, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Атырау облысында шаңды дауыл көтеріледі.
Павлодар, Қарағанда, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін.
Алматы, Батыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде және Жамбыл, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық болады. Маңғыстау, Атырау облыстарында ерекше қатты ыстық болады.
Маңғыстау облысы мен Қызылорда, Түркістан, Атырау облыстары мен Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе және Жамбыл облыстарында өрт қаупі сақталады.
16 шілде 2018 ж. 994 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 439 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам