ЖАЗ ЖАЙНАТЫП, КҮН КҮЙДІРІП
Жадыраған көк майсалы жаз қазір салтанат құрған. Жазғы демалысқа шыққан мектеп оқушылары жайнаған жаз күндерін мағыналы өткізуге тырысады. Ауыл баласы – қалаға, қала баласы – ауылға асығатын кез дәл осы шақ. Оқудан босаған балалардың кейбірі демалыс лагерьіне барады.
Маусым айынан бастап атылмыш демалыс орындары балдырғандарға есігін айқара ашты. Биыл жазғы кезеңде облыс орталығындағы мектептерде күндізгі тынығу орындары жұмыс жасап, онда 4780 бала қамтылады деп жоспарланған. Оның ішінде 11 мектеп жанында толық күнді жатын орындары бар демалыс ошақтары ұйымдастырылса, 43 мектеп жанында бір мезгілді күндізгі осындай орындар қызмет көрстеіп келеді.
Сонымен қатар, қалалық білім бөліміне қарасты «Сырдария» балалар сауықтыру лагері де жас өрендердің шаттыққа толы орнына айналды. Демалыс кезіндегі бүлдіршіндердің қызықты сәттерін тамашалау үшін аталмыш орталыққа барып қайттық. Мұнда 7 ауысымда 1050 бала, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан 499 балғын тегін демалады деп жоспарланған. Аға тәлімгер Фариза Әбзиеваның айтуынша, балалар мұнда бес мезгіл тамақтанып, түрлі ойындар ойнайды.
– Биылғы ерекшелігіміз – Елбасының «рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» және «100 жаңа есім» жобасына сәйкес қазақтың салт дәстүрін насихаттайтын түрлі үйірмелер, арнайы этноауыл жұмыс жасайды. Қазақтың ұлттық ойындарын ұлықтау мақсатында спорттық үйірмелер бар. Бұл жердебаскетбол, волейбол, тоғызқұмалақ, дойбы, шахмат және асық ату, арқан тартыс, сиқырлы таяқ, алтыбақан секілді ойындарды дәріптейміз. Оқушылардың бос уақытты қызықты әрі тиімді өткізу үшін барлық жағдай қарастырылған. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасынан шыққан балалардың тынығуы да назарға алынған, – деді ол.
Демалыс орнында жасөспірімдердің тынығуына барынша қолайлы жағдай бар. Бұл жерде би, қолөнер, ән, ойын, спорттық-сауықтыру үйірмелері жұмыс жасайды. Мұнда 4 жатын ғимараты, медициналық, тіс емдеу кабинеттері бар. Сондай-ақ, ашық су бассейні жас өрендерді сергектікке баулиды.
Лагерьде 14 тәлімгер және «Ұлағат ұландары» қоғамдық бірлестігінің студенттер жасағы бірлесе жұмыстар атқарылуда. Олардың негізгі бағыты – балғындардың рухани білімін нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау. Сонымен қатар, балаларға қуыршақ театрынан көрсетілімдер қойылады. Компьютер сыныбы, жазғы кітапхана қызмет етеді.
Бүгінде көңілді күлкі мен думанға толы демалыс орнында 171 бала жаз қызығын өткізуде. Жүздері жайдары балғындар бұл жайында демалыстары қалай өтіп жатқаны жөнінде ойларын жасырмай ортаға салды.
– Маған лагерь өте ерекше ұнайды. Біз таңертең тұрғаннан жаттығу жасап, флеш-моб билейміз. «Ұлттық бұйымдар» көрмесі мен «Шебер қолдар» үйірмесі арқылы ұлттық дәстүрлерді үйренуге мүмкіндік бар. Әсіресе, қуыршақ, театр қойылымдарынан ерекше әсер алдым, – дейді №253 орта мектептің 7 сынып оқушысы Зухра Ыдырыс.
Балалар демалыс сәттері осылайша қызықты өтіп жатыр. мазмұнды, мәнді өткізуде. Бұл – қаламыздағы бір ғана «Сырдария» лагерінің тынысы. Жазғы демалыс – бала жанын жадырататын шақ.

Айтолқын АЙТЖАНОВА.