Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ

САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ

"Арай-Санрайс" жазғы тынығу лагерінде тынығушы балалар мен тәлімгерлер арасында "Салауатты өмір салты – бақытты өмір кепілі" атты кең ауқымды шара өтті.
Лагер тәлімгері Ердібек Мадияр акция барысындағы күн тәртібіне шолу жасап, келген қонақтарды таныстырды. Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының «Зиянды әдеттердің алдын алу» бағдарламасының үйлестірушісі Зәуреш Махамбетова, «Жұқпалы аурулардың алдын алу» бағдарламасының үйлестірушісі Ботагөз Қарымсақова, «Жүрек-қан тамыр ауруларының алдын алу» бағдарламасының үйлестірушісі Жазира Қамбарова жас ұрпаққа салауатты өмір салтын сақтаудың қажеттілігін, жат әдеттерден аулақ болуға шақырды. Олардың зиянды зардабын түсіндіріп, жаз мезгілінде жұқпалы ішек ауруларының алдын алуда жеке бас тазалығын сақтаудың маңыздылығын, алдын алу жолдарын түсіндірді.
Іс-шара барысында балаларды сергітіп, дене қозғалысын арттыру үшін «Бұзылған телефон», «Өз өзін бағалау», «Би терапиясы», «Атом молекула», «Жеміс-жидекті тап» тақырыптарында тренинг жаттығулар ұйымдастырылды. Денсаулықты сақтау жолын қаншалықты ақпараттанғанын білу мақсатында «Денсаулық» тақырыбында ассоциация құрып, ой өрбітіп, ойларын ортаға салды. Шара соңында кеш қонақтары мен балалар естелікке суретке түсіп, 105 дана ақпараттық-танымдық материалдар таратылды.


"Ақмешіт-ақпарат".
16 шілде 2018 ж. 1 661 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам