КІТАПХАНА ҰЖЫМЫ ДӘРІГЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Аталмыш шара табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы – денсаулықты зиянды, жат қылықтардан аулақ ұстап, салауатты өмір салтын ұстану қажет екендігін ұғындыру мақсатын көздеді.
Жиынға ЖИТС орталығының дәрігер-эпедимиологы Светлана Сарсенбаева қатысып, өскелең ұрпаққа аурудың алғашқы және негізгі белгілері, одан сақтану жолдары, ауруды алдын алу және емдеу тәсілдері туралы кеңесімен бөлісті. Оқырмандар сауалдарына медициналық тұрғыдан жауап берді. Сондай-ақ, кеш бӘарысында «Денсаулық өмір негізі» атты кітап көрмесі таныстырылды.
Б.ЖАРЫЛҚАПҚЫЗЫ.