Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » БЕЛСЕНДІ СТУДЕНТТЕР ЕЛОРДАҒА ЭКСКУРСИЯ ЖАСАДЫ

БЕЛСЕНДІ СТУДЕНТТЕР ЕЛОРДАҒА ЭКСКУРСИЯ ЖАСАДЫ

    Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласының 20 жылдық мерейтойын атап өту мақсатында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің қолдауымен іргелі оқу орнының оқуда озат, өнерде дара, қоғамда белсенді және спорт саласында түрлі жетістікке жеткен студенттері Елордамызға экскурсия жасады.
Аталмыш шара шілде айының 12-15 күндерін қамтыды. "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында ұйымдастырылған танымдық саяхатта білім алушылар еліміздің бас ордасындағы көрікті жерлерге тұрақтады. Астана қаласының бейресми символына айналған "Бәйтерек" монументінен бастау алған экскурсия "Казақстан Республикасы Ұлттық музейінен" аяқталды. Өз мақсатында орын алған шарада студенттер қола дәуірі мен бүгінгі Елордаға дейінгі тарихпен танысты.
Экскурсия қатысушыларына жетекші болып университеттің Студенттер Кәсіподақ комитетінің төрағасы Шәкизат Қаратайұлы барды.
- «Шараның негізгі мақсаты университетіміздің ағымдағы жылғы жоспары шеңберінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай Астана қаласына экскурсия ұйымдастыру болатын және біз оны бүгін орындадық. Тек көрнекті жерлерді көріп қана қоймай ел тарихымен терең таныстыруды да негізгі бағыт етіп алдық» , - дейді ол.

17 шілде 2018 ж. 1 038 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 602 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам