КЕМШІЛІКТЕР ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛІП ЖАТЫР
Қызылордалық нұротандықтар «Кедергісіз келешек» партиялық жоба аясында қаладағы бірқатар әлеуметтік қызмет көресту мекемелерінің мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін бейімделуіне бақылау жүргізді. Бұл жолы қадағалауға статистика департаменті, облыстық қазынашылық басқармасы, облыстық телекоммуникациялар дирекциясы, облыстық прокуратура, облыстық тарихи-өлкетану мұражайлары ілікті.
«Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы мүмкіндігі шектеулі азамат¬тар¬ үшін жағдайды жақсарту мәселесіне әрдайым назарын ауда¬рып келеді. Осыған орай өңірде арнайы «Жол картасы» да әзірленді. Сондықтан мүмкіндігі шектелуі азаматтар үшін кедергісіз орта қалыптастыруда ғимараттарды қайта жабдықтауға қа¬тыс¬ты бақылауды үнемі жалғастырып, жұмыстың талапқа сәйкестігін тексереміз» дейді қоғамдық бақылау тобының мүшесі, «Ұшқын» Қызылорда мүгедектерінің оқу-өндірістік кәсіпорнының заңгері Талғат Жүсіп.
Жұмыс тобының мүшелері статистика департаменті мен облыстық телекоммуникациялар дирекциясындағы талаптардың сақталуына қанағаттанарлық, ал облыстық прокуратурадағы мүмкіндігі шектелуі азаматтар үшін жасалған жұмыстарға өте жоғары деген баға қойды.
- Аталмыш топ бұған дейін қала ішілік азаматтар тасымалы қызметімен айналысатын автокөліктердегі мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған нормативтік жұмыстардың сақталуына бақылау-тексеру жұмыстарын жүргізген. Тексеру жұмыстары барысында жасалған кемшіліктер бүгінде қалпына келтіріліп жатыр. Алдағы уақытта кемғабал жандар үшін барлық нысандар қол жетімді болады деген үміттеміз дейді «Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалының консультанты Мансур Төлеқожа.