Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады

СЫЙЛАСТЫҚ

Азаматтың асылы Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың бір көршісі терезе тұсына ылғи қоқыс тастайтын болыпты. Сол көршісі  үйреншікті әдетінен жаңылды ма, әйтеуір, бірер күн қоқыс тастамапты.
Бұған таңырқаған пайғамбарымыз «бұған не болды, менің тереземнің тұсына қоқыс тастамайтын болды ғой» деп үйіне барса керек. Сөйтсе, әлі көршісі қатты сырқаттанып кәлимаға тілі келмей о дүниеге аттанғалы жатқанын байқаған пайғамбарымыз дұғасын оқып, көршісін соңғы сапарға шығарып салуға белсене атсалысып, көмек көрсеткен көрінеді. Міне, мұнда «ұлық болсаң – кішік бол, бәріне кешіріммен қара» деген пиғыл жатқан жоқ па?! Осы орайда талантты ақын Ибрагим Исаның «Кешіріммен көкжиегің кеңиді, кешіріммен тас жүректер ериді» деге сөзі еріксіз ойға оралады.
Бүгінгі әңгіме көрші жайында болмақ. Өмір болған соң сан алуан көршілерге кезігесің. Бір көрші кеудеңнен шыбын жан шыққанша сыйласады. Ал, енді  көрші қорадан мал кеткенше сыйласады.
Күнделікті ғұмырда талай көршімен сыйлас болдық. Дәмдес болдық, сырлас болдық. Соның бірі – менің құдайы көршім, марқұм Орынбек Өткелбаев еді.
Екі мыңыншы жылдың орта кезі болатын. Үй іргесінде бір бос жер жатушы еді. Бір азамат келіп үй сала бастады. Қай жердің азаматы екен деп көрші-қолаң сұрай бастады. «Қармақшы» кеңшарында  ұзақ жыл еңбек етіп, қызылордаға қоныс аударыпты. Жүзі жылы көрінді. Зайыбы ауылда мұғалім болған. Екі ұл, екі қызы бар екен. Бұлар оқу бітірген соң, қалаға қызметке тұрған көрінеді. Балалардың қасында болайық деп қоныс аударғанға ұқсайды.
Сонымен әулет басшысы Орынбек бес бөлмелі үй салып, қоныс  тойын жасады. Көрші-қолаң болып тілек білдірдік. Өріс кеңейді,  көші-қолаңның той-думанын бірге өткізіп жүрдік. «менің  жақсы көрші іздегеніме көп болып еді. Сіздерег кезіктім, лайым жақсы көрші болғай» деп Орекең лебізін жаңбырша жауғызғаны әлі есімде.
Ажал шіркін айтып келмейді ғой. Сол Орынбек Өткелбаев бұдан екі жыл бұрын 25 ақпанда екі күн ғана сырқаттанып, ешкімге салмақ салмай пәни дүиеге аттанып жүре берді. Ер көңілді Орынбек сыйлас, сырлас болды. Кітапты көп оқыған, газет журналды жібермей зер салатын азамат еді. «Қармақшы» кеңшарында алғашында зоотехик ферма меңгерушісі, қысқасы, осы алуыда сан алуан қызметтің тұтқасын ұстыа, ауыл әкіміне дейін көтерілген. Адамның екі өмірі бар ғой. Бірі – тіршіліктегі алдамшы дақпырт, жалған марапатқа ие болу ғұмыры, ал дүниеден өткеннен кейінгі өмір мәңгілік екенін кім білген? Өйткені, оны ұрпақ жалғастырады, ұлықтайды, еске алады, дұға оқиды. Міне мәңгілік деген осы.
Бұл азамат бар мінезді бойына сіңірген, тау қозғалса да қозғалмайтын, біреудің таудай қайғысын тарыдай ететін нағыз сөз зергері еді. Оның тапқырлығына  таңырқайтынбыз. Ол қасиетті дастарқан төрінде отырғанда жұрттың ықыласынан кем болған жоқ, ғайбат сөзге бармайтын.  Дәмнің тәттісін саралап жұтатын, лас жерді баспайтын.
Алланың бары ақиқат. Құдай қосқан көршімнің парасатты бейнесі теңіз түбінде жатқан маржандай жарқырайтын. Ол кісі сөздің, адамның қадір-қасиетін біліп өсті. Көп тыңдау арқылы екінші адамның ішкі сарайын шарлайтын.
Бәріміз жер үстінде жүрміз. Тойымыз қара жердің оқпаны небір жайсаңдарды қас қағым сәтте жұтудың кем емес. Қорғау ажалдың көзін топырақ қанаш жапса да тойымсыз әдетінентанар емес.
Жаратылысынан жарқын жүзімен елдің есінде  қалған Орекең біздің көз алдымызда жүрген секілді. Ұл-қыздары құрастырып шығарған «Өмірдария» атты кітап оны көз көрген азаматтардың ыстық ықыласы, құрметі, жүрек жарды лебізі емес пе?
Сыйластық бар жерді қимастық бар. Менің қимас сырласым әрі көршім еді-ау, Орекең. Лас жереге адал нәрсе шықпайды ғой.  Басына қонған бақ лас жерді бастырмады. Киім сыртынан емес ішінен тозады. Ердің ішкі киімі оның сүйікті жары. Азаматты тоздырмайтын, өрге сүйрейтін оның сүйікті жары. Ол өзіне Гүлнардай асыл жарды тең етті. Гүлнар дастарқанды берекелі төбеге айналдырды. Таусылмайтын ырызық – несібені молайтты.
Бәріне шүкіршілік. Оның артында өзіндей көзіндей ұл-қыздары бар. Немерелері Айбарыс, Бейбарыс өсіп келеді. Бауырлары Ордабек, Дүйсенбек, Сәрсенбек, Еркінбек күн құрғатпай шаңырағыңа соғады. Оларды ақбосағада Орекеңнің жары Гүлнар дастарқан жайып қарсы алады. Ұл-қыздары – Нұргүл, Ақылбек, Айжан, Нұрболат ақ батаға қол жаяды. Бұдан бірер ай бұрын «Ақ отау» мейрамханасында сүйікті қызы философия магистрі Айжанның ұзату тойы болды. Бәріне бел буып, тойдың көш басында Орекеңнің жары – Гүлнар жүрді. Тілектер ағылды. Жұрт енді кенже ұлы Нұрболаттың отау құрар мезгіліне қуана жиналайық деп ағыл-тегіл сөз арнады.
Өмір өткелінде жаақсымен сырлас болғанға не жетсін. Жан-дүниең ашылып сала береді. «Жақсы мен өткен жарты сағат, жаманның өтіп кеткен өміріндей» деген де бар. Рас сөз. Орекеңнің ізгі істері, жақсы істері ешқашан жадымыздан өшпейді.



Қайырбек Мырзахметұлы.
24 шілде 2018 ж. 891 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 442 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам