МАРСТАН КӨЛ ТАБЫЛДЫ
Ғалымдар Марстан тіршіліктің көзі - судың табылғанын жария етті, деп хабарлайды BBC News.
20 шақырымға созылған көл ғаламшардың оңтүстік полюсінде орналасқан және оның бетін қалың мұз жауып жатыр.
Бұл жаңалық «Марс-экспресс» планетаралық стансасында орнатылған Marsis радарының көмегімен белгілі болған.
Бұдан бұрын зерттеушілер Марстың бетінде кейде еріген мұздықтардың сулары жататынын болжаған еді. Алайда, Қызыл планетада ұдайы суық су резервуарының бар екеніне алғаш рет негіз пайда болды.
НАСА-ның «Кьюриосити» құрылғысы планетаның бетінен кепкен көлді тауып, бұрын Марста су болғанын дәлелдеген еді. Алайда, одан бері планетадағы температура айтарлықтай төмендеп, судың көп бөлігі мұзға айналды.
«Ол шағын көл болуы мүмкін», - деді зерттеу жетекшісі, Италия ұлттық астрофизика институтының профессоры Роберто Оросеи.
Радар мұз жамылғысының қалыңдығын есептей алған жоқ, алайда ғалымдар бір метрден аз емес деп болжам жасауда.