ҰҚК АКАДЕМИЯСЫ ЖИЫРМАСЫНШЫ ТҮЛЕКТЕРІН ШЫҒАРЫП САЛДЫ

Бітірушілерге «ұлттық қауіпсіздік лейтенанты» офицерлік атағы берілді. ҰҚК Төрағасы К.Мәсімов жас лейтенанттарға:
«Қазақстан қоғамындағы кіршіксіз адалдық және шексіз ерлік, жоғары кәсібилік, Отан алдындағы парыз жолында батыл және жанын қиюға дайын ҰҚК офицерінің бейнесі Сіздердің қызметтеріңізбен байланысты болады», - деп, ақ жол тіледі. Кәрім Қажымқанұлы академияның профессорлық-оқытушылық құрамына, сондай-ақ кадрларды дайындауға, көпсалалы жоғарғы оқу орнының қалыптасуы мен дамуына қатысқан барша адамдарға алғыс білдірді.
Іс-шара бітірушілердің салтанатты маршымен және «Мен қазақпын» әнінің орындалуымен аяқталды.