ЕМХАНАЛАР ЖАЙЫ ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ
Облыс орталығындағы емханалардағы өзекті мәселелер қандай? Балалардың жазғы демалысында байланысты «Сырдария» тынығу лагерінде қауіпсіздік шаралары қаншалықты сақталып отыр?
Қалалық мәслихаттың құқық қорғау және әлеуметтік қолдау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясында аталмыш түйткілді мәселелер тарқатылды. Депутаттар комиссияның бұдан бұрынғы отырысында осы мәселелерді талқылаған еді. Бірақ, халық қалаулылары оны қайта толықтырып, қарауды ұсынған еді. Яғни, күрделі жөндеуді қажет ететін емханалардың қазіргі жағдайы, білікті мамандар мен дәрі-дәрмектің жетіспеуі назарға алынды. Ал, қалалық білім бөліміне «Сырдария» лагеріндегі қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мақсатында өрт кезінде тынығушыларды құлақтандыру құрылғысын орнату міндеті жүктелген. Қалалық төтенше жағдайлар басқармасына оған бақылау жасау тапсырылды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Олжас Ысқақовтың мәлімдеуінше тұрғындарға медициналық көмекті 5 қалалық емхана және мемлекеттік тапсырыс негізінде 4 жеке бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымы көрсетеді.
Биыл облыстық перинаталды орталық базасында «Тиімді перинаталдық технологиялар» оқыту орталығы ашылды. Сыр өңіріне 150 жуық маман тартылды. Олар бастапқы медициналық көмек көрсету ұйымдарына жіберілді. Нәтижесінде дәрігерлер тапшылығы төмендеді.
Денсаулық сақтау саласын цифрландыру аясында медициналық ақпараттық жүйелерді енгізу толықтай шешілді. Жыл басынан бері халыққа ақпараттық және электрондық көмек көрсету мақсатында «Дамумед» медициналық ақпараттық жүйесінің мобильды қосымшасы енгізілді. Бүгінге күнге облыс бойынша оған 115 мыңнан аса тұрғын тіркелген.
– Бүгінгі таңда қалалық емханалар бойынша шешімін таппай отырған мәселелер бар. Емдеу орындарында 75-ке жуық жалпы тәжірибелік дәрігер маманы жетіспейді. Жыл сайын бос орындар жәрмеңкесіне кадр тарту мақсатында облыстан тиісті мамандар жолданып, шақыру жұмыстары жүргізілуде. Алайда, жаңадан келген дәрігерлерге қалаға жұмысқа тұрғанда әлеуметтік пакет ұсынылмаған. Соған байланысты тұрғын үймен қалада тұрақталып қалуы қиынға соқтыруда.
Былтыр мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде қаладағы Тайманов көшесінде жаңа емхана қолданысқа берілді. Оның жаңа ғимараты бұрынғы орналасқан жерінен алшақ, сол себепті №2 қалалық емхананың аймағындағы тұрғындарға оған тікелей жету мүмкіндігі қиынға соғуда. Сондықтан тікелей бағытта қоғамдық көлік мәселесі шешімін тапса деген ұсынысым бар, – деді бөлім басшысы.
Күн тәртібіндегі келесі «Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру және суға түсу мерзіміндегі қауіпсіздік шаралары туралы» мәселесі бойынша қалалық білім бөлімінің бас маманы Гаухар Құдайбергенова мен қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы Ғани Досаев өз пікірлерін білдірді. Олардың айтуынша, жаздың басында берілген тапсырма толық орындалып, балалардың қауіпсіздігі қадағалануда.

Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.