Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҮЙ МЕН КӨЛІК САТҚАННАН ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНА АҚША АУДАРЫЛМАЙДЫ

ҮЙ МЕН КӨЛІК САТҚАННАН ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНА АҚША АУДАРЫЛМАЙДЫ

   Үй мен көлік сатқаннан зейнетақы қорына ақша аударылмайды. Ал азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша жұмыс істейтіндер тапқан табысынан 10 пайызды қорға аударуға міндетті. Шілденің 14 күні күшіне енген осы заң көпшілік арасында біраз дүрбелең туғызған деп хабарлайды Астана арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Жұртты дүрліктірген - 27 шілде күні шыққан мақала. Заңда азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша тапқан табыстан зейнетақы қорына 10 пайыз төлейсіз деп жазылған. Ал азаматтық-құқықтық келісімшарттың 30 түрі бар. Оған үй-көлік саудасы, тағысын тағы кіреді. Заңгерлердің сөзінше, құжатты жалпылама жаза салғаннан халық арасында қате түсінік пайда болған.
"Қате құрастырған. Тым құрығанда "Азаматтық-құқықтық келісімшартпен қызмет көрсету бойынша тапқан табыс" деп жазса, бәрі түсінетін еді. Қызмет көрсету деген сөз жоқ. Осыдан барып түсінбеушілік туындады", - дейді заңгер Сергей Уткин.
Мамандардың айтуынша, заңнан бөлек үкіметтің қосалқы қаулысы шығады. Сол қаулыда қандай жағдайда келісімшарт бойынша табыстан зейнетақы қорына жарна төленбейтіні көрсетіледі. Ол тізбекте жылжымайтын мүлік саудасы, банктегі депозиттер бар. Алайда заңмен қатар шығуы тиіс қаулы кешігіп жатыр екен.
"Кез келген заң күшіне ену үшін оны әзірлеуге уақыт беріледі. Ол қаулы 14 шілдеде шығуы тиіс-тін. Бүгін 30 шілде ол әлі жоқ. Жақын күнде ол қаулы шығады деп үміттенеміз", - дейді Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы кеңесінің төрағасы Юрий Тілеумұратов.
Айта кетейік, зейнетақы қоры туралы заңға енген өзгерістер тек келісімшарт негізінде жұмыс істейтін адамдарға арналған. Яғни штаттан тыс қызметкер зейнатақы қорына 10 пайыз жарна төлеуге міндетті.
Ал бұған дейін зейнетақы қорына ақша аудару-аудармау жағы қандай да бір мекеме, кәсіпорындарда штаттан тыс істейтін қызметкерлердің өз еркінде еді.
31 шілде 2018 ж. 1 033 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам