ИНТЕРНЕТ ИІРІМІ...
Осы күндері зымырап өтіп жатқан алтын уақыттың көбін әлеуметтік желіге жұмсаймыз. Бәріміздің де қолымызда ұялы телефон. Интернетке тәуелділік бүгінгі күннің басты ауруына айналды. Мұндай көріністі үйде де, жұмыста да, қоғамдық көліктер мен орындарда да кездестіреміз.
Күнделікті тіршілігімізде жұмысқа келген сәттен-ақ компьютерді қосып, әлеуметтік желіні ашамыз. Жаңалықтар тізбегіне бір шолу жасаймыз. Онсыз жұмыс жүрмейтін секілді. Кім не жазды, не сурет қойды, оған жұрт не деді? Соның бәріне қарап шығу кәдімгідей әдетке айналған.
Жасыратыны жоқ, журналист болған соң ғаламторда көп отырамын. Негізі интернетті жылдам ақпарат таратын құрал ретінде қарау керек. Кейде тақырып тауып аласыз, кейде ойдан ой туады. Әйткенмен, алаңсыз осыған байланып қалғаным жоқ. Әріптестер ақыл-кеңесіне де жүгінеміз.
Тек тақырып қана емес, интернеттен іздеген адамыңызды да табуға мүмкіндік бар. Расында да іздеген кісіні табу қиын емес. Өйткені, қазір әлеуметтік желілерде екінің бірі отырады. Бірден шыға келеді. Үлкені де, жасы да бәрі осында. Арасында достардың да түр-түрін табасыз. Тіпті, кейбір достықтың соңы махаббатқа ұласып, бас қосып жататындары да бар.
Сондай-ақ, қазір кімнің дүниеге келген күні, кімнің туысқаны қайтыс болғанын әлеуметтік желіден еститін болдық. Содан бәріміз қуанышты жаңалыққа құттықтау жазып, гүл секілді суреттер жібере бастаймыз. Ал, қайғылы хабарға көңіл айту жазамыз. Әсіресе, мерекеде телефонға дамыл болмай кететін жайттар кездеседі.
Бірде ағайынның үйіне жиналдық. Туған кеші еді. Бір-бірімізді түгендей бастадық. Сөйтсек, «Пәленше келмейді, ол бағана «Туысқандар» тобында құттықтап қойған» дейді. Сонда қараңыз, бүгінгі мүмкіндігіміз соған ғана жетіп тұр. Адамның шынайы сезімі, ықыласы қайда деген ойға тағы батамыз.
1980-шы жылдарда хатты өз қолымен жазып, оны почта арқылы күтеді екен. Одан кездесу ұйымдастырып, саябақ, кинотеатрда серуендейтін болған. Олар үшін телефон емес, адам маңызды. Өйткені, сыйластықты, қадірлеуді біледі. Ал, бүгінгі сыйластық дегеніңіз, әлеуметтік желімен шектеліп қалған ба? Жүзбе-жүз жақыныңмен кездесіп, ағыңнан жарылып ақ тілек арнағанға не жетсін?
Небір нәрсені желіден көретін болдық. Үйдегі теледидар деген сәннен қалды. Кейде әлеуметтік желіге кірсеңіз, дүкен аралап жүргендей күй кешуге тура келеді. Мысалы, одан киімнің сапалысын да, сапасызын да таба аласыз. Тек ақша болса жетіп жатыр. Бірі – арзан, бірі – қымбат. Міне, мұндағы миллиондаған жұрттың парақшалары да сондай әртүрлі. Бірінің жазуы жанды жадыратады. Енді бірінікі еріксіз қарын аштырады. Суреттер де солай сөйлейді. Кейбірі жартылай жалаңаш дүниелер...
Әлеуметтік желіде белсенділігім бар. Дегенмен, өз басым жеке өмірім мен қоғамдағы жағымды, қызықты жаңалықты жазуға тырысамын. Жаһанды желі алтын уақытымызды ұрлап жатыр. Зымыраған уақыт өзіне мәжбүр еткен интернет. Әрбір сәттің бағасын білейік. Интернет иірімі бізге зиянын тигізбесе дейміз. Ол әркімнің өз қолында.

Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.