УЕФА ЧЕМПИОНДАР ЛИГАCЫНЫҢ БАРЛЫҚ ЖҰБЫ АНЫҚТАЛДЫ
УЕФА Чемпиондар лигасы үшінші іріктеу кезеңінің барлық жұптары анықталды. "Астана" футбол клубы Данияның "Мидтьюлланд" командасына қарсы қарымта кездесуде тең ойнап, екі ойын нәтижесінде 1 доп айырмашылығымен басым түсіп, Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне шықты.
Хернинг қаласында өткен ойын 0:0 есебімен аяқталды. Ойыншылар гол соғып, көзге түскен жоқ. Естеріңізде болса "Астана" өз алаңында өткен алғашқы ойында "Мидтьюлландты" 2:1 есебімен ұтқан болатын. Ол ойында елордалық ұжым сапында Ласло Кляйнхайслер дубль жасаса, дат командасы қатарынан Густав Викхейм бір голды еншісіне жазған-ды. Астана үшінші іріктеу кезеңіне шығу арқылы жарты миллиард теңгені қанжығасына байлады.
ЕЧЛ үшінші іріктеу раундының жұптары:
"Астана" (Қазақстан) - "Динамо" (Хорватия) "Селтик" (Шотландия) - АЕК (Грекия) "Зальцбург" (Аустрия) - "Шкендия" (Македония) "Црвена Звезда" (Сербия) - "Спартак"(Словакия) "Карабах" (Әзербайжан) - БАТЭ (Беларусь) "Мальме" (Швеция) - "МОЛ Види" (Мажарстан) "Стандард" (Бельгия) - "Аякс" (Голландия) "Бенфика" (Португалия) - "Фенербахче" (Түркия) "Славия" (Чехия) - "Динамо" (Украина) ПАОК (Грекия) - "Спартак" (Ресей).
Дереккөз: massaget.kz