Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ЖАҢА ӘЛІПБИ БОЙЫНША СЫНАМА ТАПСЫРДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ЖАҢА ӘЛІПБИ БОЙЫНША СЫНАМА ТАПСЫРДЫ

   Қызылордада 500-дей мемлекеттік қызметкер мен әскерилер қазақтың жаңа әліпбиі бойынша сынама тапсырды. Жазбаша және сауалнама түріндегі сынақ нәтижесімен анықталған мәліметтер емле ережелерінің жалпыхалықтық қолдауға ие нұсқасын әзірлеуге септігін тигізеді. 

Сондай-ақ қазақтілді қауым арасында латын әліпбиіне қатысты туындаған мәселелер жинақталады. Тілдік байқауға қатысушылардың қазақ мәтінін құрайтын төл, кірме және шетел сөзін латынша таңбалауда басымдық берген жазба-үлгілері жан-жақты талқыланады. Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің бастамасымен қолға алынған шара республиканың барлық өңірінде өткізіледі. «Мұндай байқаулар қалың бұқараның латын қарпіне көзін үйретіп, қол дағдысын қалыптастырады», – дейді ұйымдастырушылар.

 Ербол Тілешов, «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры: – Орфографиялық, орфоэпиялық сөздіктер жасалады. 2019 жылы нөлдік сыныптар Қазақстанда жаңа әліпби оқу құралымен оқитын болады. 2020 жылы 1-сыныптар оқитын болады.

Дереккөз: 
24.kz
02 тамыз 2018 ж. 913 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 442 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам