Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АСҚАҚ РУХТЫ АЙБЫНДЫ БАТЫР

АСҚАҚ РУХТЫ АЙБЫНДЫ БАТЫР

   Тарихи орындар – бір жағынан бүгінгі ұрпақтың бабаларға, өткенге деген құрметінің белгісі десек. Екіншіден көшелердің сәнін келтіріп, тағылымды тәрбиені санамызға сіңіре түседі. Бұл өнер туындылары – жас ұрпақты білуге, ізденуге шақырып, сол арқылы ерлікке баулиды.
Ерлігін, қайраткерлігін көрсетіп, ұлт бірлігін сақтауда жан беріскен баһадүр жандардың есімдерін әспеттеу қазіргі таңда кеңінен өріс алып келеді. Өткеніміздің тарихын білген жастар өнегелі тәрбие алуға бейімделеді. Батыр бабалардың ерлігі арқылы Отанға деген құрмет арта түседі.
Тарихи дерекке сүйенсек, осы­дан үш-төрт ға­сырдай бұрын майдан даласында жау тобын қай­та-қайта қақы­рата бұзған келте тонды, сары қасқа атты сарбаз айрықша көз­ге түсіпті. Бұл батыр бабамыз Келмембет (Сарғасқа) екен. Оның рухына арналып қаламызда биік тұғырда қоңыраулы найзасын қолға алып, құстай ұшқан тұл­пары­мен жауға шап­қан жауынгер ескерт­кіші орналасқан. Ол 1999 жылдың қарашасында «Сарықасқа атты сарбаз» атанған Келмембет батырға арналып ашылған. Мұндағы мақсат – халық батырын ел есінде сақтау.  Биіктігі бес метрлік тұғырға қойылған ол Қорқыт ата көшесі мен темір жолдың қиылысқан жердегі саябақта орналасқан. Сарықасқа атқа мініп, қамал бұзып бара жатқан көріністі бейнелеген батыр ескерткіші көзге менмұндалап, ерекше ыстық көрінеді.  Оның авторы – суретші-мүсінші Қайырбай Зәкіров.
Қайырбай Зәкіров  – елімізге кеңінен танылған талантты мүсінші. Суреткер өзінің бойындағы бар ұшқыр шабытты қолданғаны белгілі. Себебі, келте тонды Келмембет батырдың өзінің немесе атының суреті болмаған. Мүсіншінің ұшқыр қиялы арқылы туынды сәтті шыққан. Батыр мүсініне таңғалған көпшілік көңілі соны аңғартады. Найза ұстап алға ұмтылған оның мүсіні жоғары талғампаздықпен жасалған. Ат пен батыр бейнесінен батырлық көрініп тұр. Ат мүсініндегі тепсінген рух, ішкі сұрапыл қуат пен айбатты күшке қарсылық жасау мүмкін еместей көрінеді. Осы ерекше туындыдағы тау тұлғаға тоқтала кетсек, ол осыдан 350 жыл бұрын иен далада жаумен арпалысып, қамал бұзған баһадүр. Небәрі 29 жыл өмір сүрген. Осы жылдар ішінде ерлігімен көзге түскен. Ең соңғы соғыста қаза тапқан. Аты аңызға айналған батыр есімі үш жарым ғасырдан елдің жадында сақталып келеді.
Ескерткіш – иісі қазақ батырына арналған жиынтық, бірегей өнер туындысы. Өйткені, ол қазақ елінің  ерлігін,  киесін, қасиеттілігін көрсетіп тұрғандай.
Расында, ескерткіштер қала ажарына әдемі рух береді. Осындай құнды дүниелер ұрпақты ерлікке, ұлттық рухқа тәрбиелейді. Бүгінде қаламызда ұлттық өрнек, қазақы эстетика бағытындағы орындар ашылып келеді. Дегенмен, батырлар ескерткішін ұмытпағанымыз, ол жерлерге арнайы рухани шараларды ұйымдастырған жөн. Асқақ рухымыздың айрықша нышаны саналатын оларға күтім керек-ақ. Себебі, ескерткіштердің барлығы шаһардың сәні мен сымбатын ашып тұрар ғажайып құндылықтар деп айтуға болады. Сондай-ақ, қала мәдениетінің мәнерлі айшық­тары күн өткен сайын жаңара түспек.
Айтолқын АЙТЖАНОВА.
07 тамыз 2018 ж. 1 554 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 422 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам