Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

Бүгін құрылысшылар күні мерекесіне орай аудан әкімінің міндетін атқарушы Тажмаханов Жағыпар сала ардагерлерін және құрылыс саласында еңбек ететін бірқатар сала мамандарын қабылдап, атаулы мерекемен құттықтады. 
 
Жиында Жағыпар Айтбайұлы құрылысшылар қауымының қай қоғамда да алатын орны, атқаратын қызметінің ерекше екендігіне тоқталды.
- Жыл сайынғы атап өтілетін дәстүрлі мереке – Құрылысшылар күнін аудан құрылысшылары да толағай табыстармен қарсы алып отыр. Ауданымыздың экономикалық жағдайы мен халықтың әл-ауқатын жақсартуда соңғы жылдары көптеген елеулі істер атқарылуда. Биылғы жылы Жалағаш кентінде аудандық ішкі істер бөлімінің ғимараты, Мырзабай ахун ауылдық округі әкімдігінің әкімшілік ғимараты, тіректі елді мекен болып саналатын Мәдениет ауылында 90 орындық балабақша, 150 орындық ауылдық клуб, спорт кешені бой көтеріп, пайдалануға берілді. Сондай-ақ, аудандық «Иманқұл» мешітіне жаңа ғимарат пен асхана құрылысы, мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында бұрынға автобаза мекемесінің ғимараты спорт кешені ретінде қайта жаңғыртылуда", - дей келе, салада еңбек етіп жүрген барша қызметкерлерді құрылысшылар күнімен құттықтады.
Кездесуде «Қазақстан Республикасының құрметті құрылысшысы»  Шәріп Қабылбаев, сала ардагерлері  Базарбай Наурызбаев, Болатбек Жәнібеков, Бағдат Құлтанұлы сөз алып, ізгі лебіздерін, ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Кездесу соңында бірқатар сала ардагерлері және құрылыс саласында еңбек ететін қызметкерлерге аудан әкімінің құттықтауын, алғыс хаты табысталып, құрмет-қошеметке бөленді.
10 тамыз 2018 ж. 1 559 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам