ПОЛИЦЕЙЛЕР ТӨМЕНАРЫҚ АУЫЛЫНДА РЕЙД ӨТКІЗДІ
Жаңақорған ауданы Төменарық ауылында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын-алу, криминогендік ахуалды тұрақтандыру мақсатында профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылды. Іс-шараға барлығы 65 қызметкер жұмылдырылды.
Іс-шара барысында үйлер тексерумен қамтылып, тұрғындардың тізімдері алынды. Тұрғындармен кездесу ұйымдастырылып, қойылған сұрақтары бойынша шешімдер қабылданды.
Іс-шара барысында үйлер тексерумен қамтылып, тұрғындардың тізімдері алынды. Тұрғындармен кездесу ұйымдастырылып, қойылған сұрақтары бойынша шешімдер қабылданды.
Жеке аңшы қаруы бар 45 тұлғаның қарулары тексеріліп, қаруды сақтау ережесін бұзғандары үшін 2 азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттамалар рәсімделіп, жалпы 24 050 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Сонымен бірге, әртүрлі құқық бұзушылықтар жасағандары үшін 22 азаматқа қатысты әкімшілік хаттама рәсімделді. Оның ішінде, 593-бабының 2-бөлігімен (қауіпсіздік белдігі) – 2, 592-бабымен ( жылдамдықты арттыру) – 5 дерегі және т.б. орын алды.
Аудандық ішкі істер бөлімінде есепте тұрған 11 тұлға мекен-жайларынан тексеріліп, олармен қылмыс пен басқа да заңға қайшы іс-әрекеттерге жол бермеу туралы профилактикалық бағытта әңгімелер жүргізілді.
Тексеру нәтижесінде Қазақстан Республикасында болу ережесін бұзғаны үшін Өзбекстан Республикасының 2 азаматы анықталып, Жаңақорған АІІб-не жеткізілді.
Аталған бағыттағы іс-шаралар өз жалғасын таба береді.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі