Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЖОЛДАРДЫҢ ЖАҚСЫСЫ САПАСЫНАН, ІСТІҢ ЖАҚСЫСЫ ЫНТАСЫНАН

ЖОЛДАРДЫҢ ЖАҚСЫСЫ САПАСЫНАН, ІСТІҢ ЖАҚСЫСЫ ЫНТАСЫНАН

Қаламыздың көркеюі мен дамуы жолында көптеген істер атқарылып келеді. Көптеген тұрғын үй құрылыстары мен жөндеу жұмыстары, магистралды жылу жүйелерінің жаңартылуы – тұрғындар тіршілігіне жаңа тыныс беретін игі бастамалар. Осы орайда қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев облыс орталығындағы құрылыс алаңдары мен бірқатар кәсіпкерлік нысандарды аралады.
Қала әкімі алдымен Иіркөл елді мекеніне кіреберіс жолдың жөндеуімен танысты. Ұзындығы 16 шақырымға созылған жолға қазір тегістеу жүргізілуде. Жобалық құны – 130 млн теңге. Бұл жол қыркүйек айына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде. Қала басшысы мердігерге жол сапасының барлық талаптарға сай болуын және уақытынан кешіктірмеуді міндеттеді.
Мұнан соң қала әкімі Ақсуат ауылдық округіндегі «ҚазАгроМир» ЖШС-не қарасты жылыжай құрылысымен танысты. Жалпы құны 1 млрд. теңге болатын жылыжай құрылысы қарқынды жүргізілуде. Қазірдің өзінде мұнда 50 ден астам құрылысшы еңбек етуде. Аумағы 2 гектарға жуық аталмыш орын өз жұмысын бастаса, қала мен елді мекендер көкөніс өнімдерімен тұрақты қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, 30 адам еңбекпенпен қамтылады.
Қала әкімі Белкөл кентіндегі жол жөндеу жұмыстарына назар аударды. Кенттегі Т.Әбуов және Зеленая көшелерінің жалпы ұзындығы бір шақырымнан астам. Мердігер мекеме «БестСтройГруп»ЖШС директоры Ержан Кенжеев екі көшені күрделі жөндеу 20 тамызға дейін аяқталатынын жеткізді. Оның жалпы құны 31 млн.теңгені құрайды.
Қала әкімі тұрғындар облыс орталығындағы ауыз су және кәріз су жүйелерін қайта жаңғыртуға да ерекше көңіл бөлініп отырғанын атап өтті. Бұл бағытта «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен қаралған 1 млрд. 584 млн теңгеге 13 жоба бойынша 17 шақырым ауыз су және кәріз су құбырларын жаңғырту жүргізілуде.
– Қаламызда жылу желілерін жаңарту қарқынды жүргізілуде. Соңғы 5 жылда облыс орталығындағы магистральды жылу желілерін жаңартуға 8 млрд. теңгеден астам қаржы жұмсалды. Биыл жылу жүйелері мен қазандықтарды ағымдағы, күрделі жөндеуден өткізуге «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен қаржы бөлінді. Сол арқылы 8 жоба бойынша жылу құбырларына жаңғырту жүргізіліп жатыр, - деді қала әкімі.
Сонымен қатар, қала әкімі жол құрылысын дамыту барысындағы атқарылған жұмыстарды да тарқатып айтып берді. Соңғы 5 жылда Қызылордада жол құрылысын дамытуға 23 млрд. теңгеден астам қаржы тартылып, 500 шақырымға жуық жол орташа, күрделі жөндеуден және қайта жаңғыртудан өткен. Биылғы жылы осы жұмыстарды жалғастыру бағытында, жол жөндеуге республикалық, облыстық бюджеттен қаржы қаралып, 22 жоба бойынша 39,723 шақырым жол жөндеу жүргізілуде.
Сондай-ақ, қала әкімі «Полимер Продукт» ЖШС қап шығару цехында болды. Қалдықсыз өнім өндіретін өндіріс ошағы күніне 35-40 мың дана қап тоқиды. Отандық өнімнің әлеуетін арттырғысы келетін кәсіп иелерінің басты мақсаты – сырттан келетін тауарларды ығыстырып, өнімнің қолданыс аясын кеңейту. Зауыт полипропиленнен жасалған қаптарды шығару бағытында нәтижелі жұмыстар атқарып келеді. Қазіргі таңда еліміздің нарығында полипропиленнен жасалған қапқа сұраныс бір айға – 80 млн. дана. Осы сұраныстың 40 пайызын еліміздегі зауыттар қамтып отыр, қалған 60 пайызын шекаралас елдерден алдыртуда. Алғаш ашылғанда бірінші қабатта ғана жұмыс жасайтын зауыт қазір ғимараттың екінші қабатын да іске қосқан. Қосымша құрылғылар алынған.
Қала басшысы өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына септігі мол осындай серпінді жобаларды жүзеге асырып отырған кәсіп иелеріне тілектестігін білдіріп, халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартуға бағытталған жобаларды қолдау жалғаса беретінін жеткізді.



Биболат Сәтжан
(Ақмешіт Апталығы Газеті)

14 тамыз 2018 ж. 1 243 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам