СӘУКЕЛЕ

Шапан келді – сын келді,
Қызыл тілім қимылда.
Жүруші едім алшақтап,
Тақия тіктім моншақтап,
Жеңгелерім жиналып,
Келдің бе киім құшақтап, – дейді аттанайын деп отырған қалыңдық.
Дәстүр бойынша қызға сәукелені, басқа да киімдерін әкесінің үйінде ұзатылар сәтте жеңгелері арнайы келіп оң жақтағы үкілі тақиясының орнына кигізіп, енесінен байғазы алған. Ол байғазының бағасы да олқы болмаған. Бұған құда-құдағилар шақырылған. Олар көрімдік атаған. Шашу шашылып, ақ бата арналған. Қастерлі бас киімді кигізгені үшін ауылдың сыйлы әйелі күйеу жігіттен сыйлық алған. Сол күні құдалар үлкен үйге кеткенше келіншек сәукелесін киіп отырған. Жас келінді жұрттың бәрі көруге ынтық. Оның көрімдігі де соған лайық болуы керек. Көрсе көздің жауын алатын осы бұйым тек келіншек сәні ғана емес, той салтанаты мен құдалар беделін де көтере түсетін ерекше көрініс. Ескі салт-дәстүрдің жарқын көрінісі қасиетті сәукеле ғасырлардан келе жатқан асыл мұра.
Дайындаған: Гауһар Асқарқызы.