БЕКЗАТТЫҒЫМЫЗҒА БЕКЕМ БОЛАЙЫҚ
Қазақ – бекзат халық. Ұрпағымыздан көп үміт күтеміз. Оларды ұлықты болуға тәрбиелеп, үлгі-өнеге, жақсылыққа бастайтын жол көрсетеміз. Бізге «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деп жол көрсеткен де өзіміздің ата-бабамыз. Әкеден көрген тәлімді, анадан алған үлгіні ұрпақтан-ұрпаққа жалғап келеміз. Заман өзгерді ме, адам өзгерді ме, сәл де болса да бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне селкем түсті. Ұл білгенін, қыз ойға келгенін істеп, ұятсыздыққа бұрылып жатқан секілді. Сондайда көкейге бекзаттымызға бекем бола білсек екен деген ой келеді.
Хәкім Абай оныншы қара сөзінде: «Біреулер Құдайдан бала тілейді. Ол баланы не қылады? Өлсем орнымды бассын дейді, артымнан Құран оқысын дейді, қартайған күнімде асырасын дейді. Осыдан басқасы бар ма?.. Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік, не түрлі боларын біліп сұрадың?» дейді. Содан данышпан айтқан сөзін философиялық оймен одан әрі қарай өрбіте түседі. «Қартайғанда асырасын десең, о да бір бос сөз. Әуелі – өзің қаруың қайтарылып қартаюға жетемісің, жоқ па? Екінші – балаң мейірімді болып туа ма, жоқ па? Үшінші – малың болса, кім асырамайды? Баланың мал табарлық болары, мал шашарлық болары – ол да екіталай» дей келе әуелі балаға дұрыс тәрбие, тәлім, өнеге беруді басты шарт етіп алға қояды.
Ал Майлықожа ақын «Өнеге жоқ, тәлім жоқ, тәрбие жоқ, Кім айтады ондай жанды көргенді деп. Бақсы, балгер, құшнаш, әулие көп, Кім білгір, таппай халық сенделді тек» деген екен. Екеуі де ұрпағының, ел келешегінің қамын ойлап, зерделеп, асыл сөзбен зерлеп кеткен даналар.
Қазір жастар «Шетелде оқыдық-тоқыдық, білімді болдық» деп батыстың тұрпайы істеріне бой алдырып бара жатыр. Сол ұл-қыздардың кейбіреуі ата-анасын жерге қаратып, қарттар үйіне апарып тастаса, екінші біреуі шетел азаматтарына тұрмысқа шығып, қыздарына үйленіп кетуде.
Қашанда «Өлімнен ұят күшті», «Жаным – арымның садағасы» дейтін едік. Қазір адам азды ма, әлде, адамның ой-санасы өсіп кетті ме, білмеймін, отбасы, ата-ана, бауыр-туысты былай ысырып қойып, батысқа еліктеген қыздарымыз шетелге тұрмысқа шығудан қымсынбайтын болды. Олар қазақы отбасы мен шаңырақ шаттығы деген қасиетті ұғымды қалай түсінеді?
Алайда, «Отан отбасынан басталады» демекші, табиғи жаратылыстың заңдылығы бойынша шаңырақ көтеру, өзіңнің шағын отаныңды құру – ұрпақтан-ұрпаққа ата-бабадан бері жалғасып келе жатқан мирас іс. Соған байланысты бұрындары ата-бабаларымыз алдымен «Отбасың, мал-жаның, бау-шарбағың аман ба» деп сұрайтын болған.
Ұрпағы көп әулетті көргенде үлкендеріміз «өскен-өнген жан екен» деп дәріптеп, көңіл ризалығын білдірген. Оны жалпақ діни тілмен айтқанда «Құдай берген жан екен» дейді. Сол отбасының қатықтай ұйыған ауызбірлігі болса, олар бір ауылдың үлгісіне, құрметті шаңырағына айналған. Ауызбірлігі жоқ болса, ондайды қазақ: «саны бар да, сапасы жоқ» екен деп жатады.
Негізінде отбасындағы ауызбірлікке алдымен әйел мен еркек жауапты. О баста үй боламыз деп қол ұстасып, жұп құрғаннан кейін, олар тірліктің азабы мен ғажабын бір кешіп, өмір мехнатын бірге тартады. Ондай болмаған жағдайда отбасынан жылылық сезілмейді. Үй ішін берекесіздік жайлайды. Осы жағын кейбір жас отбасылар түсінбей, әйел мен еркек тең болу керек деп ойлайды.
Жасыратыны жоқ, кейде «еркек пен әйел тең болуы керек пе?» деген сұрақтың жауабына әртүрлі пікірлер білдіріп жатамыз. Дұрысы, екеуінде бір Алла жаратты. Дегенмен, еркек пен әйелдің жаратылыс тұрғысынан алғандағы айырмашылықты шариғат шарттарында көрсеткен. Оны бүгінгі жас отбасылар білген дұрыс.
Сондықтан еркек биік, әйел төмен деп бөле-жармай екеуінің де қоғамдағы алар орны бар екенін мойындаған орынды. Алланың бойына берген қасиеттері арқылы кейбір әйелдің тірлігі еркектен асып түсіп жатса, оның қабілетінің жоғары екендігін бағалаған орынды.
Жасыратыны жоқ, бұл күндері ештеңенің байыбына бармай-ақ, «менің еркектен қай жерім кем» деп ойлайтын қазақ әйелдері кездеседі. Өздерінің әу баста қалап тиген күйеуін адам санына алмақ түгілі, көзге ілмейтіндер де кездеседі. Бұл жөнінде хадисте: «Еркектерге ұқсаған әйелдер, әйелдерге ұқсаған ерлер бізден емес» деген екенін олар біле ме екен?
Жалпы, әйелдер қоғамдағы тиісті өз орындарын, өз жолдарын білсе, ешқашан отбасы бүлінбейді. Отбасының әлеуметтік жағдайы үшін тірлік ете білген нәзік жанды үйіндегі бала-шағаның, күйеуінің, қас–қабағына қарауды ойдан шығармауы тиіс. Қанша жерден табыс тапқанмен алдынан күйеуі мен бала-шағасы жадырап шығып, күлімдеп қарсы алып жатпаса, ондай дүниенің қаншалықты рахаты болмақ?
Батыстық отбасының тәлім-тәрбиесі қазақтың болмысы мен талғамына сай келмейді. Тек олардың озық технологиясы өндірісімізге пайдаға жарағанмен, ал отбасылық құндылықтары мен қағидалары біздің үрдісімізге жат. Өзіміздің қазақи дәстүрімізден артық ештеңе жоқ.

Кенжалы ЕРІМБЕТОВ.