Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » БАС ҚАЛАДА АЛҒАШ РЕТ ТОҚУ ФЕСТИВАЛІ ӨТЕДІ

БАС ҚАЛАДА АЛҒАШ РЕТ ТОҚУ ФЕСТИВАЛІ ӨТЕДІ

16 тамызда Астанада «Йога мозга XXI века» («ХХІ ғасырдағы ми йогасы») атты алғашқы тоқу фестивалі өтеді. Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасы ұйымдастыратын шара орталық қалалық саябақта серуен форматында өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты Мәдениет және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Фестиваль бізбен және ілгекпен тоқуға әуес жандардың басын қоспақ, шараға аталмыш қолөнерге жаңадан қосылғандар да, тоқумен кәсіби айналысатындар да қатысады. Жаңадан келгендер үшін тоқу, жіп иіру және киіз басудан тегін шеберлік сыныптары ұйымдастырылады. Алғашқы «Йога мозга XXI века» тоқу фестивалінің ерекшелігі, оған мүмкіндігі шектеулі және психологиялық кемшіліктері бар тұлғалар да қатыса алады. Олар денсаулығының нашар болуына байланысты тоқуды үйреніп, фестивальді ұйымдастырушы Рахима Мұқышеваның арқасында табыс табу мүмкіндігіне ие болды. Бүгінгі таңда оның Bergen шеберханасында 12 адам жұмыс істейді, оның ішінде жетеуі халықтың әлеуметтік осал топтарына жатады. «Мен адамдарға тоқуды үйретемін. Бұл да өзіндік бір терапия, ол біреулерге зейінін шоғырлауға және қиындықтар мен мәселелерді жеңуге көмектеседі, ал басқалары үшін тоқу – табыс табудың жалғыз жолы. Астана қаласының әкімдігінің қолдауының арқасында тоқу фестивалін өткізгелі отырмыз, мұнда ниет білдірген жандардың барлығы, жасына, денсаулығына және кәсібіне қарамастан, тоқуды үйренеді немесе жетілдіреді», – деді Рахима Мұқышева. 

Бұдан басқа, фестивальге қатысушылар үшін йога мен самба-jumping сабақтары, кітапқа құмар және селфи жасағанды ұнататындарға арналған гамактар аймағы, түрлі конкурстар мен концерттік бағдарлама ұйымдастырылады. «Йога мозга XXI века» фестиваліне қатысушылар тоқуды үйреніп қана қоймай, қайырымдылық жасайды. «28 петель» («28 ілмек») клубының мүшелерімен бірге 6-7 айлық болып дүниеге келген сәбилерге киім тоқуға үлес қосады. Үш күн бойы сағат 13:00-ден 20:00-ге дейін фестиваль аумағында әлеуметтік жұмыстар көрмесі өтеді, сондай-ақ туындыларды сатып алуға болады. Атап айтқанда, Bergen шеберханасының жұмыскерлері мен басқа да шеберлер өз қолдарымен тоқыған кардигандар, сөмкелер, мохер кофталар сатылады.

24.kz
14 тамыз 2018 ж. 809 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 442 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам