ЖАҢҒЫРУ ЖЕМІСІ - "100 ЖАҢА ОҚУЛЫҚ"
Қызылорда облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Ұлттық аударма бюросының» атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы қатысқан «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» атты шарасы өтті.
Шарада облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы ел үшін Рухани сілкініс жасаған тың бастама болғанын жеткізді.
- «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы маңызды бағыттардың бірі − «сананың ашықтығы». Осы мақсатта талантты да талапты балаларымыздың заманауи білімді игеруі, өркениет талаптарына сай болуы үшін барынша жағдай жасалуда. Былтыр бағдарламаның ішіндегі «100 жаңа оқулық» арнайы жобасы бойынша Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен республикада «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры құрылғаны белгілі.
Бүгінгі күні қоғамдық қор гуманитарлық ғылым саласындағы үздік 100 оқулықты таңдап, оларды қазақ тіліне аударып жатыр. Алғашқы 18 кітап оқырман қолына тиді, - деді облыс әкімі.
Жалпы, осы жоба бойынша 300-ден аса адам жұмыс жасауда. Ол ғалымдар, оқытушылар, аудармашылар, беттеушілер, контент жасаушылар, программистер.
Өз кезегінде «Ұлттық аударма бюросының» атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы, басты мақсат - барлық кітаптарды өз бетімен аударып шығару емес, осы жобаға ат салысатын ортаны жұмылдыру. Оны жекелеген ұйым өз бетімен алып шыға алмайды. Өйткені, аударма - күрделі де ауқымды шығармашылық жұмыс екенін айтты.
Аударма жұмысы басталмас бұрын, барлық жоғары оқу орындарынан зәру, мамандыққа қажетті оқулықтарға сұрау салынған. 800-ден астам оқулықтың тізімі келген.
Ал, аударылатын оқулықтарға қойылатын талаптың бірі - ол белгілі бір идеялардан бейтарап болу. Осы және тағы бірнеше қойылған критерийлер негізінде 18 оқулық іріктеліп алынды. Әрқайсысы 10 мың данамен шығарылған кітаптар, бүгінде оқу орындары мен кітапханаларға тегін таратылды.