АҒЫЛШЫН ТІЛІ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Соның бірі, «Мұрагер» мектебінің мәртебесін көтеруде ерекше үлес қосқан ұлағатты ұстаз-ардагерлер, ағылшын тілі пән мұғалімдері Калина Любовь Борисовна және Юрьеева Людмила Борисовна есімдерін еске алу мақсатында ІІІ кезеңнен тұратын ағылшын тілі пән мұғалімдер арасында кәсіби байқау ұйымдастырылды. Аталмыш байқаудың алғашқы екі кезеңінің нәтижесі бойынша іріктелініп алынған жеті ұстаз TEDX форматында шешендік сөйлеу өнерлерін ортаға салды.
Бұл кезеңде «Ағылшын тілін тиімді оқытудағы заманауи тәсілдері» атты тақырыбы аясында мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісті. Байқаудың қорытындысы бойынша ұстаздар мектеп дирекорының арнайы дипломдарымен марапатталды.