ЕГІН ЖАЙДАН ЕСКЕН ЛЕП
Әдетте, ауылдағы ағайын сары алтынға бөленген күзгі кезеңді асыға күтеді. Несібесін жерден терген қарапайым шаруа бұл мезгілдің әр күні жылға азық боларын жақсы біледі. Жүзі күнмен жарқырай түскен кетпенді иығына салған диқан қашанда маңдай терімен мол ырысқа кенелетінін әлдеқашан түсінген. Сылаң қаққан Сырдың бойын жағалай қонған ел қазір берекеге бастар тіршілікке бел шеше кірісіп кеткен. Көнекөздер «Диқан жерді анасындай сүйеді, жер диқанын баласындай сүйеді» деген тәмсілдің астарында көп мағына жатса керек-ті.
Санаулы күннен соң егіс даласында қызу еңбектің көрігі қыза түспек. Дәл осы кезеңде өңірде көктемгі еңбектің нәтижесін көргелі тұр, шаруа иелері. Яғни, егінді жинау науқаны басталады. Мұндай тіршілік біздің аймақтың еңбекші қауымы үшін дүрбелең шақ. Диқандар дала қосын дүбірге бөлеп, қоңыр күзде қырманға құйылар қыруар ырыстың негізін қалайды. Қазекең осындайда «Қолы қимылдағанның аузы қимылдар» деген сөзді тілге тиек етсе керек.
Жалпы, Сыр өңірінде күзгі леп сезіліп тұр. Күннің райы суытып кетпес бұрын барлық астықты жинап алуы қажет. Қарбалас шақ тым жақын. Оны диқан қауымының бүгінгі тірлігінен аңғаруға болады. Биыл қалаға қарасты ауылшаруашылығы құрылымының барлық нысанында 7686 гектар жерге дақылдар орналастырылды. Оның ішінде гектармен есептегенде, 3743-і – күріш, 143-і – жаздық арпа, 221-і – жаздық бидай, 223-і – жаңа жоңышқа, 800-і – картоп, 943-і – көкөніс, 2 гектары сұлы, 790-і – бақша дақылы. Өнім жинауға дайындық барысы қалай? Техникалар жеткілікті ме?
Осыған орай біз ауылдағы ағайынның тыныс-тіршілігімен танысу үшін жолға шықтық. Егін шаруашылығымен қалаға қарасты 4 елді мекен айналысады. Атап айтқанда, Қосшыңырау, Қарауылтөбе, Ақсуат және Ақжарма ауылдық округтері. Әрқайсысы қызу дайындық үстінде. Соның ішінде Ақмешіттің күзгі ажарына сән беріп тұрған Сыр салысы ел әлеуетін көтеріп тұрған негізгі дақыл болса, ақ күріштің арқасында дəулеті артқан ауылдардың бірі – Қосшыңырау ауылы.
Ауыл әкімдігінің бас маманы Асқар Орманбекұлының айтуынша, мұнда Сыр маржанын егумен айналысатын 12 шаруа қожалығы бар. Былтыр барлығы 1330 гектар дақылын егіп, 6774 тонна көлемінде өнім жинаған. Мұндай қарқын биыл да өз жалғасын табуда. Соның ішінде жыл сайын «Манас» шаруа қожалығы белсенділік танытып келеді.
Аталмыш қожалықтың егіс даласына баруды жөн көрдік. Кең дала. Күріш алқабы жайқалып тұр. Енді бірер күнде басы сары дәнге бөленіп, айнала алтын түске айналатыны сөзсіз. Міне, күзді берекеге, алтын дәнге, молшылыққа теңейтіні содан қалған. Жайқалған алқапқа қарасаңыз, көз тоймайды. Иісі бөлек. Нағыз еңбектің жемісі тұр, көз алдымызда.
Расында да күріш өсірудің де қилы ауыртпашылығы бар. Бұл жайында бізге «Манас» шаруа қожалығының басшысы Манас Омаров айтып берді.
– Күріш егуді 2003 жылдан бері қолға алдым. Әрине, үлкен еңбекті қажет етеді. Кез келген тірліктің өз қиындығы болады. Айталық, сапалы ақ күріш алғыңыз келсе, оған жас баладай күтім керек. Қажетті қорегі мен түрлі дәрумендерін беру қажет. Күрішке де «көз» тиетінін ескерсек, түрлі ауруларға қарсы «екпе» де егіледі. Осының барлығы бейнеткеш диқанның маңдай тамшысына айналады. Ала жаздай атыз жағалап, дақылын баптаған егіншілеріміз бұйырған ел ырзығын төкпей-шашпай жинап алуды көздейді. Ал, ол мезгіл еңбегінің еленіп, тамшы тердің өтеуіндей болған кез егінге орақ түскен мезгіл, – деді қожалық иесі.
Былтыр бұл қожалық 120 гектар ексе, биыл 148-ге көбейтті. – Күріштің негізгі қорегі судан тапшылық көрмесе болды. Сонымен қатар, ауа-райы қолайлы болуы тиіс. Жерінің өзі 20 градус жылылықта болса, өнім бітік шығады. Бірақ, биыл сәл салқындау болды. Сол себептен былтырғы уақытқа қарағанда жұмысты сәл кешіктіруіміз мүмкін.
Әйткенмен, дәл қазіргі күні атыздың суын байладық. Теникаларын жөндеп жатырмыз. Орақ науқанына диқандар үлкен даярлықпен кіріседі. Соған орай күріш оруды еш қиындықсыз атқарамыз деп ойлаймын, – деді диқангер.
ТІЛШІ ТҮЙІНІ
Әрине, күріш егу, оны батпау, жинап алу үшін адамның көмегі қажет. Қожалықта 7 адам жұмыс істейді. Барлығы да ауылдың тұрғындары. Міне, қызу дайындықтың қайнаған тірлігі қыркүйектің басында басталғалы тұр. Ал, еселі еңбектің нәтижесі егін толықтай жиналып болған соң белгілі болады. Ырысты, күрішті ауылдың несібесі арта берсін деп біз де қайта қалаға қарай бет алдық.

Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.