ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫНА ЛИЦЕНЗИЯ ЗАҢСЫЗ БЕРІЛГЕН

«Ақтөбе облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары мен осы мекеменің бөлім басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Олар лауазымдық уәкілеттілігін асыра пайдаланып, 25 кәсіпорынға үлестес тұлғаларға тіркелген іздестіру қызметі мен құрылыс-монтаж жұмыстарына арналған лицензияларды заңсыз бергені үшін күдікке ілініп отыр», - деді Нұрлан Жахин. Ресми өкілдің айтуынша, лицензиялар орташа есеппен 8 млн теңгеге сатылып, түскен ақшаны бөлім басшысы алып отырған. «Жалпы залал сомасы 102 млн теңгені құрап отыр. Бөлім басшысы сот санкциясымен қамауға алынған болатын. Ал екіншісіне қатысты бұлтартпау шарасы қабылдану үстінде. Тергеу шаралары жүргізілуде», - деді ол.