ҚҰҚЫҚТЫҚ ТҮСІНДІРМЕ ЖҮРГІЗДІ

Жалпы түзетулер Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық атқару кодекстерінің 300 –ден астам баптарына енгізілгені кездесуде аталып өтілді. Күш көрсетумен байланысты емес қылмыс жасағы үшін сотталғандарға жаза мерзімі төмендету және жазаны өтеу жағдайын жеңілдету мүмкіндігі қаралған.
Бүгінгі күнге барлық қылмыстық істерге, үкімдерге ревизия жүргізіліп, олардың қайтадан қаралуы қамтамасыз етілуде.
Түзеу мекемелерінде жаза өтеп жатырған 14 сотталғанның жазасын жеңілдету мүмкіндігі пайда болды, басым көпшілігі меншікке қарсы қылмыстар. Бүгінгі күні олардың 3-еуінің әрекеттері қайта сараланып, сотпен жазалары төмендетілген, қалған өтініштер соттың өндірісінде.
Кездесуге мекемеде жазасын өтеуші 44 азамат қатысып, толғандырған мәселе төңірегінде сұрақтарын қойды.
Азаматтардың тарапынан жиі қойылған сауалдар - мерзімінен бұрын босату тәртібі мен шарттары, жазасының өтелмеген бөлігін жеңіл жаза түріне ауыстыру. Әрбір азаматтың мәселесі ескерусіз қалмады, әрқайсысы толғандырған сауалдарға толыққанды жауап алды.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын тауып, әрекеттері жаңа заңның қолданылу аясына сәйкес келетін барлық сотталғандарға құжаттарды рәсімдеуге көмек көрсетілетін болады.
Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық –атқару жүйесі департаменті