АЛДАҒЫ УАҚЫТТА ҮШ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫ АҚЫЛЫ БОЛАДЫ

«Біз еліміздегі үш жол учаскісінің ақылы болатынын осыған дейін айтқанбыз. Яғни «Астана – Теміртау», «Алматы – Қапшағай», «Алматы – Қорғас» жолдары сынақ түрінде іске қосылды. 1 қарашадан бастап, олар ақылы болады», - деді министр.
Осы орайда ол болашақта 11 мың шақырымды құрайтын республикалық маңызы бар жол ақылы болатынын атап өтіп, одан түске қаражатқа республикалық жолдар жөнделетінін айтты.
«Нәтижесінде, олардың есебінен 23 мың шақырымды құрайтын республикалық маңызы бар жолдар жөнделеді. Демек, оларға тиісті қаражат бюджеттен бөлінбейді», - деп нақтылады Жеңіс Қасымбек.