Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚАЗАҚСТАНДА 4 МЛН АДАМ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕ ОТЫРАДЫ - ДАРХАН КӘЛЕТАЕВ

ҚАЗАҚСТАНДА 4 МЛН АДАМ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕ ОТЫРАДЫ - ДАРХАН КӘЛЕТАЕВ

   Қазақстанда 4 млн адамның әлеуметтік желіде отыруы қоғам үшін де, билік үшін де айқын сигнал болып табылады. «Нұр Отан» партиясы ұйымдастырған «Nur Otan Trends» пікірталас клубының кезекті отырысында Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Менің ойымша, азаматтық қоғамға деген көзқараста белгілі бір қалыптасып қалған қасаң пайым бар. Билік тарапынан жиі айтылып жүргендей, азаматтық қоғам көп жағдайда протест ретінде қабылданады. Екіншіден, көптеген адамдар азаматтық алаңға - үкіметтік емес ұйым алаңы ретінде қарайды. Бірақ, менің ойымша азаматтық қоғам соңғы жылдары өте қарқынды түрде өсіп келеді. Азаматтардың талаптары мен шағымдары протестті формат ретінде қабылданбауы тиіс. Ол талаптар қандай саланы қамтыса да азаматтардың белсенділігі заңды құқықтарын талап етуі ретінде қабылдануы керек», - деді Дархан Кәлетаев.
Министрдің айтуынша, қоғам басым жағдайда азаматтардың заңды құқығының қорғалуын сұрайды.
«Әлбетте, әлеуметтік желілер бүгінгі қоғамның ажырамас бөлігіне айналды. Қазақстанда әртүрлі есеп бойынша 4 млн адам әлеуметтік желіде отырады. Әлеуметтік желіде отырған азаматтардың көбі белсенді. Бәлкім, белгілі бір өзекті мәселеге байланысты пікір қалдырушылардың саны көп болмауы мүмкін. Бірақ, 4 млн адамның әлеуметтік желіде өзара пікір алмасуы қоғам үшін де, билік үшін де сигнал деп айтар едім. Билік осы көрсеткішті назарға алып, соған сай жұмыс жүргізуі керек», - деді министр.
Бұл ретте Дархан Кәлетаев әлеуметтік желілер тұрғысынан Ақпарат және коммуникациялар министрлігі қарқынды жұмыс жүргізіп отырғанын, министр Дәурен Абаевтың өзі де әлеуметтік желінің белсенді қолданушысы екенін айтып өтті.
18 қыркүйек 2018 ж. 1 108 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам