Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ТЕМІР ТҰЛПАР ТҮБІМІЗГЕ ЖЕТПЕСІН

ТЕМІР ТҰЛПАР ТҮБІМІЗГЕ ЖЕТПЕСІН

  Көшедегі зулаған көліктердің көптігінен бүгінде көз сүрінеді. Әсіресе, таңертеңгілікте көшені азан-қазан етіп бірінен соң бірі зырлап бара жатқан жеңіл көліктерге, тіпті де, шаң ілеспейді. Кейде жаныңнан көлік емес, өмір өтіп бара жатқандай көрінеді маған. Ойланған адамға бір көлікте қанша адамның тағдыры тұр десеңші. Кімнің қай аялдамадан түсіп қалатынын кім болжапты?
Күйбең тіршіліктің қамымен жүріп, пендешілікке салынып жатамыз. Өмір ғой. Пендені барында бағаламай, өмірден өткенде ғана қадіріне жетіп, бармақ тістейміз. Бұл өмірдің жазылмаған заңдылығы. Уақыт жоқ деп, уақытқа бас ұрамыз, бағынамыз. Сол уақытқа жету үшін асығамыз. Сөйтіп жүріп, өмірімізді ұмыт қалдырамыз, тағы да. Жасыратыны жоқ, қазіргі таңда жол-көлік оқиғасы салдарынан  бақилық сапарға аттанғандар қатары, өкінішке орай, күн санап артуда. Оның басты себептері ретінде жылдамдықты шамадан тыс арттыру, жүргізушілер дайындайтын мектептерде куәліктің бармақ басты, көз қыстылықпен берілуі. Содан барып  жүргізушілердің жол ережесін білмеуі, кейбір қалталы, қызуқанды көлік иелерінің жол бағдаршамдарына бағынбай өте шығуы өкінішке әкелуде. Одан қалды, сапасы сын көтермейтін ойлы-қырлы тас жолдар  болса, сондай-ақ, қыста қары, жазда аптап ыстық, шаңымен әбігерге салатын  қолайсыз ауа-райының әсерілері бар. Әсіресе, жаз айларында демалыс маусымдарының қайнаған кезінде жеңіл машиналармен жол жүру, қыдыру сынды әрекеттер көлік апатын жиілетіп отыр. Оның ішінде мектеп бітіруші түлектер мен жас жұбайлардың үйлену тойында ұйымдастырылатын көліктер шеруінде орын алып жатқан жол апаттарының соңы қайғылы оқиғалармен аяқталуда. Осындай жайсыз жағдайлардың алдын алу мақсатымен 2013 жылдың мамыр айында қаламызда мектеп бітірушілердің көлік шеруіне шығуына тыйым салынғандығы аз да болса қоғамдық тәртіптің бұзылмауына өз септігін тигізгендігі белгілі. Алайда, айдың күні аманында көліктері қаланың кең көшесіне сыймай, ажал құшып жатырғандар қаншама. Ондай жүргізушілер жастықтың буымен бір-екі минуттық жылдамдықтың ләззатына мас болып, «адреналин» алады-мыс. Адреналиннің соңы өзгенің өмірін қыршын ажалға немесе жарымжан мүгедек етіп жастай қол арбаға таңумен бітеді. Міне, мұндағы өкініштің қандай боларын сіз бен біз білмей-ақ қояйық. Себебі, дұшпаныңа да тілемейтін жағдай, бұл. Өз кемшілігін білмей жатып, тағы да, тағдырға налып лағынет айтып жататындар да табылады. Өмірді осыншама тәуекелге тігу ақылға қонатын іс емес. Статистикалық көрсеткіштерге сенсек, жол апаты салдарынан қаза тапқандар саны республиканың басқа аймақтарына қарағанда Қызылорда, Маңғыстау, Қостанай, Жамбыл, Ақтөбе облыстары мен Астана қаласында басым көрсеткішке ие екен.                     
        Енді қоғамдық көліктердің жол ережесіне қаншалықты бағынып қызмет көрсететіндігін талқылайық. Қазіргі таңда халық тарапынан қоғамдық көлік жүргізушілерінің үстіне арыз-шағымдар өте жиі түсіп жататынын білеміз. Оған өзіміз де күнде куә болып жүрген жайымыз бар. Көліктегі қанша тағдырдың амандығына жауап беретіндеріне қарамастан, жол ережесіне бағынбай аласұрып айдайтын жүргізушілерге көз үйренген бүгінде. Уақыт санап жарысқанда жүрегіңді қолыңа ұстап,тіліңді тістеп тұра беруден басқа амал жоқ.                  
   Өмірдегі осындай сан түрлі оқиғаларға куә болып, жүрек сыздайтыны жасырын емес. «Қырық жыл соғыс болса да, ажалды өледі» деп салғырттыққа салынудың қажеті жоқ. Алланың өзі «Сақтансаң, сақтаймын» деген. Сондықтан, әрбір ісімізге тиянақты болып, жол жүру ережелеріне жаяу жүргіншінің де, көлік жүргізушінің де барынша көңіл бөлгені абзал. Сонда сені де бір Алла сақтайды. Әйтпесе, бір күні жасын ғұмыр жалт етіп көзден ғайып болғанда  өкінудің өзі кеш болмақ.                                              
       Ендеше, жолда да, түзде де аман болайық, ағайын!
                                                                         Б.ТІЛЕУБЕРГЕНОВА.  
24 қыркүйек 2018 ж. 1 307 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам