Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ӨМІРІ ҮЛГІЛІ ҮЗДІКТЕР

ӨМІРІ ҮЛГІЛІ ҮЗДІКТЕР

    «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының екінші кезеңі басталды. Осымен екінші мәрте ұйымдастырылып отырған жоба биыл біршама өзгерістермен ерекшеленеді.        
                                                                                    Үміткер өзін ұсынуға және ұйым атынан ұсынылуға мүмкіндік беріліп отыр. Өткен жылғы іріктеу кезеңінен өтпей қалған қатысушылар биыл тағы да өтінім беруге құқылы. Өтінім алдағы 15 қазанға дейін 100esim.el.kz сайты арқылы қабылданады. Одан әрі қараша айында онлайн дауыс беру жалғаспақ. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Талғат Маханов баяндады. Оның айтуынша, биылғы жоба үкіметтік емес ұйымдар өкілдері мен кәсіптік-техника, жұмысшы мамандығы бойынша жетістікке жеткен тұлғаларға басымдық беріледі.                                   
                                      – "Жүз жаңа есім" жобасының мақсаты – табысты, бәсекеге қабілетті болу. Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосқан адамдардың биік белесін үлгі ете отырып насихаттау. Біз биыл қарапайым ауыл тұрғыны болса да, көрегенді ісімен көпке өнеге болып жүрген азаматтарды да көлеңкеде қалдырмай, жобаға ұсынуды көздеп отырмыз. Жобаның үміткері болу үшін елге, әлемге танымал болуы маңызды емес.  Себебі, аталмыш жоба кәсіби салада жетістікке жеткен, өз дара жолы өзгеге үлгі болатын адамдарға арналған. Сондықтан үміткерді ұсынарда алдын-ала әбден елеп-екшеп, ақылдасып барып өтінім берген дұрыс деп ойлаймын. Әрі қарай жеңімпазды  халық дауыс беру арқылы өзі таңдайды, – деді басқарма басшысы.                                                                                                              Сондай-ақ, жиын барысында облыстық "Рухани жаңғыру" орталығының директоры Нұрлыбек Мыңжас үміткерге қойылатын ереже-талаптардың жоқ емес екендігін де алға тартты. Іріктеу кезеңінде олардың кәмелет жасқа толуы, қызмет саласында елдің жағымды имиджін қалыптастыруға үлес қосқан айрықша жетістіктерінің, қатысушы имиджін дамытуға ықпал ететін тұлғалық қасиеттерінің болуы, еңбек культін қалыптастыруда қоғамдық-саяси және еңбек қызметін жасауы қаперге алынады.             Айта кетейік, былтыр аталмыш жобаға өңірден 84 азамат үміткер ретінде тіркеліп, 4 азамат жеңімпаз атанды. Олардың қатарында белгілі хирург дәрігер Болатбек Баймаханов, тоғызқұмалақтан 4 дүркін әлем чемпионы Әсел Далиева, селекционер ғалым Александр Подольских және педагог-псхолог Сымбат Әбдірахманова бар.
                                                                     Бағлан ТІЛЕУБЕРГЕНОВА.
25 қыркүйек 2018 ж. 1 278 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам