ӨНДІРІСТІК КЕҢЕС – ҚАУІПСІЗ ЕҢБЕК КЕПІЛІ.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 24-бабының 2-тармағына сәйкес, әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар.
Қолданыстағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес (ары қарай-Кодекс) 2016 жылдың 1-қаңтарынан бастап бұрынғы қоғамдық инспекторлар институты орнына еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі Өндірістік кеңес құру қаралған.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша өндірістік кеңес техникалық инспекторларды қоса есептегенде, жұмыс берушінің өкілдерінің, жұмыскерлердің өкілдерінің еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік сырқаттардың алдын алу, жұмыскерлердің денсаулығын сақтау бойынша бірлескен әрекеттерін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес құрылады. Кеңестің құрамына тепе-тең негізде жұмыс беруші мен жұмыскерлердің өкілдері кіреді. Кеңестің құрамы жұмыс берушінің өкілдері және жұмыскердің өкілдерінің бірлескен шешімімен бекітіледі. Кеңесті ротациялық негізде Кеңестің мүшелерімен сайланатын, кезеңділігі екі жыл болатын төраға басқарады. Кеңестің шешімдері жұмыс беруші және мекеменің немесе кәсіпорынның жұмыскерлері үшін міндетті болып табылады.
Кеңестің міндеттері болып, қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз етуге, өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік сырқаттардың алдын алуға бағытталған кәсіптік одақтың ұсыныстарын ескере отырып іс-шаралар өткізу. Жұмыс орындарында ахуалды және еңбекті қорғаудың жай-күйін тексеруді жүргізуді ұйымдастыру, Компаниядағы қолданыстағы ахуал және еңбекті қорғауды, өндірістік жарақаттану және кәсіптік сырқаттануды саралау негізінде еңбекті қорғау саласындағы мәселелерді шешу бойынша сәйкесінше ұсыныстарды жұмыс берушіге дайындау және қауіпсіздік еңбекті қорғау мәселелерін шешу бойынша сәйкесінше ұсыныстарды өз құзыреті шегінде дайындау табылады.
Кеңестің қызметтері: Еңбекті қорғау саласындағы анықталған бұзушылықтарды жою, еңбектің қауіпсіз жағдайларын құру бойынша ұсыныстарды, еңбек қызметі барысында жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау талаптарына жауап беретін бағдарламаларды, ұсынымдарды, шешімдер және т.б. қарау керек. Жұмыс орындарындағы, өндірістік учаскелердегі, цехтардағы және жалпы мекеме ахуалы мен еңбекті қорғау жай-күйін зерттеу нәтижелерін қарау, жұмыскерлердің жүгінулері бойынша зерттеулерді жүргізуге қатысу және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша ұйғарымдарды енгізу.
Кеңестің құқықтары: Кеңес жұмыс берушіден жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларының ахуалы туралы, өндірістік жарақаттанушылық және кәсіптік сырқаттар туралы, қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың бар болуы және олардан қорғану шаралары туралы, денсаулыққа залал келтірудің бар тәукелдері туралы ақпаратты алуға. Кеңестің отырысында кеңес мүшелерінің тиісті міндеттемелерді орындауы туралы жұмыс берушінің (оның өкілдерінің), Компания басшыларының және құрылымдық бөлімшелердің басқа да жұмыскерлерінің хабарламаларын тыңдауға. Қазақстан Республикасының қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы заңнамасын бұзуға байланысты еңбек дауларын шешуге ықпал ету. Еңбекті қорғау бойынша нормалар, ережелер және нұсқаулықтардың талаптарын бұзғаны үшін жұмыскерлер және лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстарды жұмыс берушіге енгізуге құқылы.
Кеңестің мүшелері денсаулық немесе өмірге, апаттық жағдайға қауіп төндіруге соқтырған дұрыс емес қабылданған шешімдердің салдарына, өз міндеттерінің тиесілі орындалмауына, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған тәртіпте қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарын бұзғаны үшін жеке (дербес) жауапкершілік артады.
Қорыта келгенде, кәсіпорындарда өндірістік кеңес құрудың маңызы – жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігін жүзеге асыру арқылы адамның өмірі мен денсаулығын сақтау екендігін әрбір жұмыс берушілер білуі қажет. Кәсіпорындарда өндірістік кеңес құру қауіпсіз еңбектің кепілі болып табылады.
Қызылорда облысының еңбек
саласындағы бақылау басқармасының
Еңбек қауіпсіздігі және
еңбекті қорғау бөлімінің статисті
С. Исламов