ЖАҢА ЖЕЛІ – АДАМДАР МИ АРҚЫЛЫ БАЙЛАНЫСА АЛАДЫ
Америка ғалымдары BrainNet деп аталатын желі ойлап тапты. Бұл туралы MIT Technology Review басылымы хабарлады.
Ойынның ерекшелігі – бірнеше қолданушының «Тетрис» ойынына ұқсас ойыны. Басты жаңалығы – қатысушылар белгіні бір-бірінің миына тікелей жібереді. Бұл үшін электроэнцефалографы мен транскраниальді магнитті стимуляция аппараты қолданылады.
Осылайша, енді адамдар аздаған уақыт ішінде бір-бірімен ми арқылы байланыса алатын болады дейді ғалымдар.
Б.С.