Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫҚ БОЛҒАН ДӘСТҮРІ

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫҚ БОЛҒАН ДӘСТҮРІ

   Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай «Ақ мол болсын, халықтың несібесі артсын» деген ниетпен «Қымыз-шұбат», «Қауын-қарбыз» және «Дәмді бауырсақ» фестивалі ел назарына ұсынылды.
Аталмыш шараға Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова, облыс әкімі Қырымбек Көшербаев және қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысып, тұрғындарды қос ғасырлық мерейтоймен құттықтады.
«Сыр сүлейлері» аллеясында қалаға қарасты кент және ауылдық округтер арнайы тіккен қараша үйлерінен этноауыл қаз-қатар бой түзеген. Олар әртүрлі тақырып бойынша безендірілген. Мұнда бір мезетте 200-ге тарта өнерпаз домбыра тартып, күмбірлеген күйдің үні көкке көтерілді. Салтанатты шараға арнайы қонақ ретінде келген ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі, белгілі заңгер Сұлтан Сартаев барша жұртқа ағалық   ақ батасын берді. 
Арнайы тігілген ақ шатырларда қала мейрамханалары ұлттық дастархан мәзірін және шаруа қожалықтары қауын-қарбыз, қымыз-шұбат, бауырсақты тұрғындар мен қонақтарға тарту етті.  Дәстүрді дәріптеген шараға 600 литр қымыз, 600 литр шұбат, 4 тонна қауын мен 4 тонна қарбыз әкелінген. Сондай-ақ, 50 келі қауынқақ, 50 келі қауынқұрт елдің сұранысын өтеді.  Қала кәсіпкерлерінің мерекелік тартуы ретінде «Браунис» кондитерлік асханасы, «Salem Village» сауда маркеті, «Шах сарай», «Мақсұт», «Кореана» мейрамханалары түрлі ас мәзірлерін ұсынды. Ал, жеке кәсіпкерлер шаһардың 200 жылдығына арнап 200 қорап бауырсақ әзірлеген. Барлық өнімдер шара қонақтарына тегін үлестірілді.
Сонымен қатар, «Сыр сүлейлері» аллесында ұлттық өнерлер де айшықталды. Бүгінгі игілікті шараға жиналған халықтың қарасы көп болды. Тұрғындар мен қонақтар өздеріне арнап ұсынылған дәмнен ауыз тиіп, ризашылығын білдірді.
– Жыл сайын бүгінгідей қазақылықты білдіретін шаралар жалғасын тауып келеді. Бүгін қала тұрғындары мерекелік көңіл-күйді жақсы сезініп жатыр деп айтуға болады. Мұнда ұйымдастырылып жатқан қауын-қарбыз, қымыз-шұбат фестивальдері қазақтың дархан көңілін білдіреді. Ал, түрлі ас өнімдері әркез халқымыздың молшылықта өмір сүргенін аңғартады. Сондай-ақ, домбыраның үні естіліп, қазақы нақышты әндер орындалып жатыр. Мұндай шарадан әрбір жас ұрпақ тағылымды тәрбие алады деген ойдамын. Осы секілді өнегелі шаралар жалғасын табуы тиіс. Сыр өңірінің бас қаласынына айналған – Қызылорданың қос ғасырлық тойы құтты болсын. Қала жыл сайын көркейіп, ажарлана түсуде. Игілікті шараның қасында жүрген жандарға алғысымыз шексіз, – деді қала тұрғыны Ханшайым Жарылқағанова.
Шырайлы шаһардың қос ғасырлық тойына арналған мерекелік шарада ұлттық құндылықтар ұлықталды. Мәселен, асық ату, гір көтеру, қол күрес секілді спорттық сайыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздар анықталды.
                                                                      Айтолқын АЙТЖАНОВА.
02 қазан 2018 ж. 1 494 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 038 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам