КӘСІПКЕРЛІК ӨРІСІ КЕҢЕЙЕ ТҮСЕДІ
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бүгінгі халыққа жолдаған Жолдауында ел көкейіндегі жүрген көптеген мәселелерге назар аударылды. Жолдау халықтың жүрегіне сенім ұялатып, болашаққа нық қадам жасауға байыпты бағдар болды.
Кәсіпкерлік саласына тікелей қатысты тұжырымды ойлар мен келелі кеңестер біздің саланың асқақ армандарымен ұштасып жатты. Мәселен «Бизнестің Жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру үшін қомақты қаржы бөлінетіні осы іспен айналысуға ниетті азаматтарды қуантты. Бұл дегеніңіз мемлекет тарапынан берілген үлкен қамқорлық. Ал, ұлттық банк арқылы өндіріс саласын, шағын және орта бизнесті несиелеу үшін ақша бөлу мәселесі де құптарлық іс. Соның арқасында кәсіпкерлік бағытында қыруар жобалар қолға алынып, бизнестің әлеуеті нығайып, салық қазынасына түсетін төлемдер көбейеді. Сондай-ақ, өңдеу өнеркәсібі мен шикізаттық емес экспортты қолдауға алдағы 3 жылда қосымша 500 миллиард теңге жұмсалмақ.
Экономикалық саясаттың басты бағыты – экспортты барынша қолдау үшін шикізатты өңдеу саласына басымдық беріледі. Ол отандық өнімнің саны мен бірге сапасы артуына жол ашады
Ғалымбек ЖАҚСЫЛЫҚОВ,
Қызылорда облыстық ұлттық кәсіпкерлер палатасы директоры.