Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ «МҰРАГЕР» ОРДАСЫ НАЗАРБАЕВ МЕКТЕБІНІҢ ӘДІСТЕМЕСІН ҚОЛДАНУДЫ БАСТАП КЕТТІ

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ «МҰРАГЕР» ОРДАСЫ НАЗАРБАЕВ МЕКТЕБІНІҢ ӘДІСТЕМЕСІН ҚОЛДАНУДЫ БАСТАП КЕТТІ

    Жергілікті жерлерде мұғалімдерге кез келген жұмыс тапсырылатыны рас. Саяси-қоғамдық науқандардың барлығы ұстаздар көмегімен жүргізіледі. Оның үстіне негізгі білім беру процесінен тыс жүктемелерді ақысыз орындайды. Соның салдарынан өскелең ұрпақты білім нәрімен сусындатуы тиіс педагогтарда уақыт тапшылығы туындайды.
Елбасы өз Жолдауында аталған кемшіліктерді жойып, мұғалімдердің ғылыми ізденіп, шығармашылық тұрғыда жетілуіне мүмкіндік жасау керектігін айтты. Қызылордадағы 2016 жылдан бері жаңартылған білім беру жүйесіне көшкен «Мұрагер» білім ордасының ұстаздары Назарбаев зияткерлік мектебінің оқыту жүйесі мен әдістемесін қолдануға кірісіп кетті. Бүгінде онда оқушының білімін бағалаудың халықаралық стандарты енгізіліп, оқу жүктемесі азайтылып, 5 күндікке көшті. Ал қысқартылған сағаттардың орнына түрлі үйірмелер мен қосымша сабақтар өткізіледі.
Динара Баймұрзаева, «Мұрагер» дарынды балаларға арналған мектеп директоры:
– Жаңа типтік оқу жоспарына сәйкес біз 3 сағат дене шынықтырудың 2 сағатын негізгі етіп қалдырдық та, 3 сағат есебінен үйірмелер аштық. 5-9 сыныптарда ағылшын тілінен қосымша сағаттар қосылды. Аптасына 5 сағат шет тілін меңгеруде және 5-9 сыныпта жаратылыстану физика, химия, биология пәндерін ағылшын тілінде өткізудеміз.
10 қазан 2018 ж. 1 809 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам