Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » КӨЗ ТИЮ ДЕГЕНГЕ СЕНЕСІЗ БЕ?

КӨЗ ТИЮ ДЕГЕНГЕ СЕНЕСІЗ БЕ?

  Бүгінде бір-біріміздің үйімізге кіріп, дастарханнан дәм татып, әңгіме-дүкен құрмайтын болдық. Қашанда бітпейтін қауырт тірлік. Тап іргеде тұрған көршінің үйіне де бас сұқпаймыз. Ауылдағы ағайын әзірге мұндай салқын көзқарас жетегіне ере қойған жоқ. Көрші үйдегілермен шәй ішіп, әңгіме тиегін ағытамыз. Осындай сәттің бірінде Гүлзат анасы жайлы сыр тарқатты.
 – Анам 10 баланы дүниеге әкелген жан. Оның ішінде төрт сәбиі шетінеген. 1986 жылғы Жеңісбек есімді бауырымызға көз тиген екен. Сол әңгіме жиі есіме түседі. Ініміз тартымды болыпты. Сол күні үйге кісілер келген екен. Негізі көзі бар адамдар белгілі. Бір ауылда тұрғандықтан естіп жүреміз. «Үйге пәленше келсе, түкіртіп ал, оның көзі бар» деген сөздер де айтылады. Алайда, анам оған мән бермепті. Ініміз бір күннің ішінде аяқасты дене қызуы көтерілген. Ауырып қалған. Ауылдағы молдаға апарса, кеш қалыпты. Молда арқасы қарайып кеткені, түкіртуге кеш қалғанын жеткізген еді, –деді ол анасының басынан өткен жайларды әңгімелеп. 
Расында, бала күнімізде үйге қонақтар келсе, «көз тиеді» деп анамыз көзмоншақ тағып, маңдайымызға қара күйе жағып қоятын. Алайда, жұрт қазіргі кезде оны ескіліктің бір белгісі деп мән бермейтін болды. Дегенмен осындай болған оқиғаны естігеннен кейін, сенуге тура келеді.
Көз тигеннің белгісі ретінде іші өту, мазасы болмау, шалқақтай беру саналады. Көпті көрген көнекөз қариялардың айтуынша атқа да көз тиіп, ұзынынан сұлап түскен сәттер де кездеседі екен. Көзінің сұғы бар адамдардан сақтанып жүру керек қажеттілігі айтылады. Олар өздерінің көзі бар екенін білмеуі мүмкін. Жай ғана баланың қылығына сүйсініп қарағанының өзі жетіп жатыр. Көз тиген баланы құлан-таза айықтырып жіберетін ерекше қасиетке ие адамдар да кездеседі.
Ол әдейі жасалмайды, алдын ала ойластырылмайды. Ол әдейі жасалса қатты әсер беретін көрінеді. Бұдан қорғанудың жолын әркім әрқилы іздейді. Мысалы, біреулер жаңадан салынып жатқан зәулім үйінің көзге түсіп тұрған жеріне қызыл шүберек байлап қояды. Кей жандар көліктеріне көз моншақ тәріздес әшекей бұйымдар тағып алады.
Бала кенет науқастанып қалса, «Көз тиді, біреудің сұғы өтті» деп жорып, оған ащылау әдісімен ем жасайды. Ащылау – тұзды уыстап, баланың жалаңаш денесіне басып, оны қайыру әдісі. Кей өңірде жеті ұсақ тасты тұмарша етіп шүберекке байлап, шолақ жең қамзолдың жағасының астыңғы жағына көзге түспейтіндей етіп тігіп қою салты бар.
– Жас баланы көз тиюден емдеуді кейде үшкіру, түкіру деп те атаған.  Мысалы, жас келінге, нәрестеге қызыға қараған адамдарды көзің тиеді деп ырымдап, түкіруге мәжбүр еткізеді немесе біреуді мақтап жатқан кезде «Тіл-  аузым – тасқа»  деп айтады. Ал, сәбилерге көз қатты өткенде жас баланың екі жауырынының арасы қарайып кетеді. Мұндайда дереу ем қолданбаса, олардың аман қалуы екіталай. Егер осындай ауыр жағдайға душар болса, уақыт өткізбей, арқалы, қолы шипалы дәстүрлі халық емшісіне көрсеткен. Олар бала бойындағы бөтен, жат энергияны құран сүрелерімен тазалаған, – дейді көпті көрген әжеміз Дамет Матенова.
Негізінде көз тиюдің түп-төркіні қызыл сөз бен қызғанышта жатыр. Хадистердің бірінде «көз тию – ақиқат» деп айтылған. Одан қорғайтын сүрелер бар, соларды оқып жүру. Оған жеткізбеудің бір амалы – адамға қарағанда не мақтағанда «тіфә-тіфә, тілім тасқа тисін» немесе «тіл-көзден аман болсын» деп айтып отыру қажет. Мұнымен біз өз назарымызды басқа жаққа аударамыз. Сондай-ақ, көзіңізге мақтап тұрған жанға тіліңіздің ұшын тістеп, өз сөздерін іштей өзіне бағыттап тұру да – сақтанудың бір жолы» дейді білетіндер. Олай босла, «тіл-көз» дегенге немқұрайлы қарауға әсте болмас.

                                                Айтолқын АЙТЖАНОВА.
23 қазан 2018 ж. 1 920 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 422 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам