Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » "7-20-25" БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ ПӘТЕР АЛУ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

"7-20-25" БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ ПӘТЕР АЛУ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

   Қазіргі таңда бағдарлама бойынша Центркредит банкі, Халық банкі, АТФБанк, Цесна Банк, Bank RBK, Forte Bank пен Еуразиялық банк өтінім қабылдайды
АСТАНА, 23 қазан – Sputnik. Қазір "7-20-25" бағдарламасына Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мен Сбербанкті қосу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы бүгін "Баспана" ипотекалық ұйымы" АҚ басқарма төрағасы Қайрат Алтынбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, 18 қазандағы ақпарат бойынша "7-20-25" бағдарламасы бойынша Қазақстанның барлық өңірінен 44,5 миллиард теңге сомасына өтініш келіп түскен. Банктер тарапынан 30,1 миллиард теңгеге өтініштер мақұлданды.
"Бағдарламаның серіктес-банктері: Центркредит банкі, Халық банкі, АТФБанк, Цесна Банк, Bank RBK, Forte Bank пен Еуразиялық банк. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мен Сбербанкті бағдарламаға қосу процесі жүргізіліп жатыр. Барлық банк белсенді жұмыс істеп жатыр. Өтінім қабылдауда ешқандай проблема жоқ", — деді Алтынбеков сенатта "7-20-25" ипотекалық тұрғын үй бағдарламасын іске асыру бойынша өткен кездесуде.
Оның айтуынша, тамыз айымен салыстырғанда қыркүйек айында көрсеткіш екі есеге өскен.
"Қазан айының көрсеткіштері оның алдындағы айдан жоғары болады деп күтілуде. Аймақтар бойынша айтсақ, бағдарлама Астана мен Алматы қалаларында, Маңғыстау, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында жоғарғы қарқынмен іске асырылып жатыр", — деді ол.
Алтынбеков халыққа "7-20-25" бағдарламасы кең көлемде түсіндіріліп жатқанын атап өтті.
"Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде барлық ақпарат жедел таратылады, тәулік бойы колл-орталықтар жұмыс істейді. Сондай-ақ "Баспана7-20-25.kz" сайты бар. Онда кез келген азамат бағдарламаға қатысты мәлімет ала алады", — деді ол.

23 қазан 2018 ж. 1 218 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам