МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Осыған орай өткізілген қоғамдық тыңдау жұмысына 20-ден аса ерекше жағдайды қажет ететін жандар қатысып, өз мәселелерімен бөлісті. Шара барысында қор президенті Қ.Байқадамов қатысушылардың тұтынушы ретінде сауда орындары мен қызмет көрсету мекемелеріндегі құқықтары мен міндеттерін түсіндіріп, жадынамалар таратты.
Тыңдау барысында көп көтерілген мәселелердің бірі – мүмкіндігі шектеулі жандардың «Инвотакси» қызметін пайдалануы туралы болды, сонымен бірге, қатысушылар қоғамның толыққанды өкілі ретінде түрлі бағыттағы шараларға қатысқысы келетінін айтып, аудандардағы, ауылдардағы жандарға да арналып қызықты шаралар ұйымдастырылуын ұсынды.