Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЖІГЕРЛІ ӨРЕНДЕРГЕ ЖӘРДЕМ

ЖІГЕРЛІ ӨРЕНДЕРГЕ ЖӘРДЕМ

   Қызылорда қаласындағы «Шағбан» балабақшасында «Альтаир-Бөбек» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндерге арналған «Қош келдің әз-Наурыз» атты мерекелік шара өткізілді. Оған облыстық, қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мамандары қатысты.                       
Мерекелік кеш барысында «Аида» орталығы өнер көрсетіп, балғындарға қуаныш сыйлады. Ал, ұйымдастырушылар қатысушыларға сыйлықтар үлестірді.
– Бізде мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндермен арнайы мамандандырылған педагог-монтесорри, дефектолог, педагог-психолог, логопед мамандар жұмыс жасайды. Мұндай балғындарға тек қана ата-ананың қамқорлығы ғана емес, сондай-ақ, қоғамның ілтипаты қажет. Тек осы жағдайда ғана олар өздерін еркін сезініп, қоғамға қажет екендерін ұғынады, – деді «Альтаир-Бөбек»  қоғамдық қорының басшысы Жапырақ Ұзақбаева.
                                                                    Фариза МАДИЯРОВА
22 наурыз 2018 ж. 1 675 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 204 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам