ҚАЗАЛЫДА ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ МӘДЕНИ КҮНДЕРІ ӨТТІ
Қазалы ауданында Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойы аясында «Жыр-әннің елі, Тұранның төрі – Қызылорда» атты Қызылорда қаласының мәдени күндері өтті. Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов бастаған делегация аудандағы 18 көпқабатты тұрғын үйдің және «Қазалы-Керуен» логистика орталығында болып, «СПК Қызылорда Балық», «Қазалы-конфет» кәсіпорындарының жұмысымен танысты. Делегация Қазалы ауданының тарихынан сыр шертетін 50 жылдық тарихи бар Ғ.Мұратбаев мемориалдық музейінде аралады.
Қызылорда қаласының мәдениет күндері Р.Бағланова атындағы мәдениет үйіндегі аудан тұрғындарына арналған мерекелік концертке ұласты. Салтанатты жиында Қызылорда қаласының әкімі Н. Нәлібаев қаланың 200 жылдық мерейтойына Қазалы ауданының жасаған тартуына ризашылығын білдірді. Сондай-ақ ауданның бірқатар азаматтарына Қызылорданың 200 жылдығына арналған мерейтойлық медальдарды табыстады. Өз кезегінде Қазалы ауданының әкімі М. Ергешбаев Қызылорда қаласының әкімі Қызылорда жұртшылығын 200 жылдық мерейтойымен құттықтады.
Қазалы төріне шартарапқа танылған сазды әуенімен, Сыр сүлейлерінің нақышты жыр-күйімен келген қызылордалық өнерпаздар көрермендерді тәнті етті.