Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ОҚУШЫЛАР - ТАРИХИ ОРЫНДАРДА

ОҚУШЫЛАР - ТАРИХИ ОРЫНДАРДА

     Облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Руханиятты қолдау» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Туған жерге тағзым» әлеуметтік жобасы аясында облыс мектептерінің озат және әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан оқушылары «Рухани мұра: ғасырдан ғасырға» тақырыбындағы тарихи-мәдени экскурсияда болды.
Екі күнге созылған экскурсия барысында оқушылар аймағымыздың тарихи ескерткіштер орналасқан қасиетті мекендерінде болып, рухани азық алып қайттық. Экскурсияның алғашқы күні өңіріміздің оңтүстік бөлігіне орын тепкен Шиелі, Жаңақорған аудандарындағы қасиетті жерлерде болып, ата-бабаларымыздың тарихымен сусындадық. Сондай-ақ, Жаңақорған аудандық тарихи-өлкетану музейіне қонақ болып, аймақтың танымал тұлғаларымен таныстық. Тарихи орындардың бірі ретінде қазақ хандығының астанасы болған Сығанақ қалашығы мен қасиетті мекен саналатын Қорасан ата кесенесі де назардан тыс қалған жоқ. Оқушылардың сұрауымен ХІ ғасырға жататын Төлегетай-Қылышты ата кешенді кесесеніне соғып, баба рухына құран бағыштадық.
Экскурсияның екінші күні оқушылардың алғаш аялдаған орны – Қалжан ахун мешіт-медресесі. Заманында іргелі оқу орны саналған мешіт-медресенің тарихы оқушылардың қызығушылығын оятты. Одан соң Қармақшы ауданы, Жосалы кентінен 18 шақырым жерде орналасқан Марал ишан кесенесіне аялдадық. Дүйім қазаққа белгілі баба кесенесінің шырақшысы оқушыларға аңыз-әңгімелерін айтып, ақ батасымен шығарып салды.  Экскурсияның соңында оқушылар түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, жырауқобызшыҚорқыт атаның мемориалдық кешеніне табан тіреді. Аз ғана уақыт ішінде қайта жаңғыртылып, бүгінде сәулет өнерінің еркеше үлгісіне айналған бүкіл түркі әлемінің абызы атанған Қорқыт ата мемориалдық кешенін кешеннің экскурсоводы Айгүл Бермаханова таныстырды. Көп адамның қастер тұтар қасиетті орны, көненің көзін кие тұтар туристердің ат басын тірер жәдігер жеріне айналып үлгерген кешеннің тарихы туралы тың мәліметтер білген оқушылар естелікке суретке түсті. Жол-жөнекей Сортөбе қалашығына аялдап, рухани ескерткіштің тарихымен танысты.
13 қараша 2018 ж. 1 139 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 448 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам