ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫН ТҮСІНДІРУ МАҚСАТЫНДА ОТЫРЫС ӨТТІ
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы бойынша халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу жөнінде отырыс өтті.
2018 жылдың 23 қарашасында Қызылорда қаласы әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауындағы тапсырмаларды талқылау мақсатында қаладағы мекемелер мен кәсіпорындар басшыларының қатысуымен жиналыс өтті.
Отырысты қала әкімінің орынбасары Нұридинов Бектас Балғабайұлы ашып, Елбасының Жолдауындағы жаңа техгологиялар, роботтандыру мен автоматтандыру еңбек ресурстарына және адам капиталының сапасына қатысты талаптарды күрделенгені туралы және осындай жағдайда, адамдар үнемі өзін-өзі дамытып, уақытқа ілесіп жүруі қажет екендігі айтылды.
Осыған орай, отырыста аймақтағы елдің әл-ауқатын және әлеуметтік тұрақтылықты қалыптастыруға бағытталған сұрақтар талқыланды.
Талқыланған сұрақтардың бірі 2017-2025 жылдарға арналған қызметкерлердің ағынын басқару бойынша Жол картасы, кәсіпорындарда ең төмен деңгейде жалақы алатын қызметкерлердің жалақысын көтеру, электронды еңбек биржасын және электронды еңбек шартын енгізу туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Қалмақова Гаухар Амангелдіқызы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, «Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі» туралы Қызылорда облысы бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-ы филиалының директоры Денеева Гүлсім Жұмағалиқызы баяндама жасады.
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» жүйесіндегі өзгерістер туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры коммерциялық емес АҚ-ның Қызылорда облысы бойынша филиалының бас сарапшысы Рахымов Абылайхан Мейірманұлы баяндама жасады.
Отырыста көтерілген мәселелер бойынша мекеме және кәсіпорындар қатысушыларының қойылған сұрақтарына түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ұсыныстары назарға алынды.