СТУДЕНТТЕРГЕ ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК КӨРСЕТТІ
М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінде облысымыздағы электронды қызметтер сапасын және санын арттыру мақсатында оқу-әдістемелік шарасы өткізілді.
Оны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастырды.
Шараға Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері колледж студенттеріне Е-gov электронды үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді жылдам әрі тез алу жолдарын насихаттап, әдістемелік көмек көрсетті.
Сонымен қатар, Департамент қызметкері Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ұғымын, қызмет алушылар мен қызмет берушілердің міндеттері мен құқықтарын колледж студенттеріне түсіндірді.