ҚАЖЕТ КӨМІР ҚОРЫ ЖЕТКІЗІЛУДЕ

Бүгінгі күнге тұрғындардың мұқтаждықтарына қажетті көмір отынының 25% немесе 51,9 мың тоннасы жеткізілді. Сондай-ақ, облыс аумағында жүк автокөліктері үшін тұрақтары мен жабдықталған алаңдары бар 36 көмір жинақтау орындары қалыптастырылған. Оның ішінде, Қызылорда қаласында – 5, аудандарда – 31.
Бұдан басқа, басқарма тарапынан, көмір тапшылығын болдырмау мақсатында, қажетті іс-шаралар қолға алынып жатыр. Біріншіден, көмір тапшылығын болдырмау және қолайлы бағада алу үшін тұрғындарға осы кезден бастап қамдану қажеттілігі жөнінде әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарына хабарламалар берілді. Көмір тапшылығы салдарынан бағаның өсуін, яғни ортадағы делдалдықты болдырмау мақсатында, көмір өндіруші мекемелермен тікелей келісім шартқа отыру бойынша кәсіпкерлерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді.