Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » БІРЛІГІ БЕКЕМ ЕЛДІҢ ЕҢСЕСІ БИІК

БІРЛІГІ БЕКЕМ ЕЛДІҢ ЕҢСЕСІ БИІК

   Тәуелсіздік жылдарында еліміз небір қиын белес пен биік асудан асып, ұлы жолдарды жүріп өтті. Халқымыз еркіндіктің лебін еркін сезінді. Ширек ғасырдан астам уақыт аралығында қол жеткізген толайым табысымыз жетерлік. Жер-жаһан жұртшылығы әлемдік картадан Қазақстан елінің пайда болуын зердесіне тоқыды. Осындай сындарлы жылдарда Қазақ жерінде, өз елінде ынтымақ пен бірлікті ұйыта білген Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев елді берекелі бастай білді. Көрегендік көрсете білген Елбасымыз бүгінде әлем елдері алдында дара тұлғаға айналды. Қазақстанның ғана Көшбасшысы емес, ол – әлем лидері атанды. Оның басты айғағы ретінде әлем елдерінің қауіпсіздігін сақтауда өлшеусіз үлесін қосып келе жатқанын айтуға болады. Осындай сара саясатының арқасында бастан өткізген сонау дағдарыс уақытында даналықпен ел бекемдігін арттырып, экономикасын өрістетті. Сындарлы сәтке қарамай, ел ордасы – Астананың іргесін бекітіп, талай жанның қасіретіне айналған Семей полигонын жапты. Тәуелсіздік нышаны Конституцияны қабылдау, мемлекеттік рәміздерді әзірлеу, Қазақстан халқы Ассамблеясын құру, астананы ауыстыру, көрші елдермен тарихи келісімшарттар жасау, ЕҚЫҰ-ның Астана саммитін өткізу секілді қарбалас тірліктер жан-жақтан күтіп тұрды.
         Бүгінде Астана қаласы әлем елдерінің алқалы жиында бас қосатын, қиын түйінді тарқататын ордаға айналды.  Алып елдердің басшылары Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдік саясаттағы беделді тұлғаға айналғанын айтып жүреді. Бұл жөнінде АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама: «Президент Нұрсұлтан Назарбаев – әлемдік саясаттағы ең беделді тұлғалардың бірі. Оның «Ядролық қарусыз әлем» жобасы – әлем көшбасшыларын таңқалдыратын жоба болды» деп тамсана айтуының өзі теңдессіз баға.  Ал Ресей президенті Владимир Путин: «Қазақстан үшін Назарбаев – тарихи тұлға. Ол қазақ халқы үшін Тұңғыш Президент қана емес, ол қазақ мемлекетінің негізін қалаушы» деп жоғары баға берді. Қазақ елінің Көшбасшысы Еуразиялық экономикалық одақ құру идеясы ТМД елдері аумағын тұрақты етіп ұстап тұрудың басты серіппесі болды. Бұл жөнінде тарихшы-жазушы Леонид Млечин «Реформатор» атты Нұрсұлтан Назарбаев жайында мақаласын жариялады. Елбасы сондай-ақ, ТМД, Кеден одағы, Шанхай Ынтымақтастық ұйымын құруда бастамашы болды. Қазақстан 2010 жылы Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық жасады. Бұл – елімізді әлем мойындауының айқын көрінісі.
         Көрегендікпен елді алға бастаған Елбасы өзінің әрбір тарихи Жолдауында еліміздің жаңаша дамудағы сара жолын айқындап, нақты бағыттарға жөн сілтеп келеді. Осындай сарабдал саясаттың арқасында әлем мойындаған заманауи тәуелсіз мемлекет қанатын кеңге жая түсті. Бүгінде бірлігі жарасқан халық жаңару мен заманауи даму жолында. Еліміз жасампаздықпен алға қадам басып келеді.
         Ата-бабамыз «Бірлік бар жерде – тірлік бар» деп бекер айтпаса керек. Сондықтан бірлік – Қазақстан халқының өмірлік кредосы. Елдің бірлігін, ынтымағын, татулығын, тыныштығы мен тұрақтылығын қалыптастыра ұстай білу өте жауапты міндет. Оған үлкен біліктілік, білгірлік, аса білімділік, даналық, данышпандық, ұлықтық, ұлылық қажет. Осындай дара қасиет кез келген жанның бойынан табыла бермесі анық. Бүгінгідей тынымсыз дүбірлеген дүниенің басты тағаны – бірлік пен тұрақтылық. Осындай пікірді ұстанған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әлем алдында өзінің беделі мен абыройын асқақтата түсті. Ұйымшылдыққа ұмтылған ұлтымыздың бүгінде жүзі жарық, істері нық.
         Бүгінде керегесі кеңге керілген, болашағы байыпты да байсалды, келешегі кемел, іргесі бекем, шекарасы шегенделген, өркениет өрісіне қадам басқан іргелі елге айналдық.
         Осы орайда еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегі мен салиқалы саясаты жарқын болашаққа жол ашқанын айтуымыз тиіс. Жасыратыны жоқ, ел арасындағы ауызбірлікті, татулықты, тұрақтылықты, достықты сақтай отырып, мемлекетіміздің экономикалық дамуын, өсуін қарыштатты. Бұл-елім деген адал перзенттің ғана қолынан келетін іс. Сөйтіп, Қазақстанды әлем мойындаған қабырғалы елге айналдырды. Тәуелсіздікті ту ете отырып, ұлтымыздың мәңгілік ел болып қалуын мақсат етті. Сондай-ақ, уақыт үндестігінен ұлттық құндылықтың үйлесім табатындығын дәлелдей білді. Мемлекетімізді Ұлы дала еліне айналдырып, оның ежелден қалыптасқан мәдениеті мен үрдісін дәріптеуді мұра етіп отыр. Бұл – Ұлт Көшбасшының көрегендігінің, кемелдігінің нәтижесі.   
         Қытай қоғамында құндылық деген түсінікті нақты қалыптастырған адам – ұлы ойшылы Конфуций. Ол рухани және отбасылық құндылықты қастерлеуді дәріптеген. «Әдептілік – адам бақытының басты кепілі» деп өсиет қалдырған. Қытай елі оны әлі күнге дейін дамытып, өрістетіп келеді. Бүгінде бізде де бұл ұғымдар өріс алып, мемлекет тарапынан қолдау тауып дәріптелуде. Республика аясында жыл сайынғы өткізіліп келе жатқан «Мерейлі отбасы» байқауы осы сөзіміздің дәлелі. Ұлт құндылықтықтарын айшықтай түсетін елімізде «Рухани жаңғыру» орталығының құрылуы да көп нәрсені аңғартады. Ол еліміздің ежелгі шежіресі мен тарихын тереңдете түсіп, көне мәдениетінің көмбесіне жол салары анық.
         Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жуырда «Ұлы даланың жеті қыры» атты жариялаған мақаласында адамзат тірлігінің көне мәдениеті Ұлы дала елінен бастау алатындығын атап көрсетті. Елбасы «Қазақстан тарихы да жеке жұрнақтарымен емес, тұтастай қалпында қазіргі заманауи ғылым тұрғысынан қарағанда түсінікті болуға тиіс. Оған қажетті дәйектеріміз жеткілікті. Қосқан үлестері кейінірек сөз болатын протомемлекеттік бірлестіктердің дені қазіргі Қазақстан аумағында құрылып, қазақ ұлты этногенезінің негізгі элементтерін құрап отыр»       деп атап көрсетті. Бұл Ұлы даланы мекен еткен қазақтардың арғы тегінің ұлықты да ұлысты болғанын аңдатса керек. Ұлт тарихының тереңнен бастау алатындығына батыл қадам жасауға жол ашып бергендей. Ұлы Жібек жолы, түркі кезең тарауларын қалай жазу керектігіне назар аудартады. Бұл ел мен жер тарихын түгендеуге оң ықпал етпек. Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Ұлы мақсаттарды өзінің алдына ұлы халық қана қоя алады» деген қағидасы ойға оралады. Бұл біздің елдің болашағы мен келешегі, мақсаты мен мүддесі айшықты екенін байқатса керек.
                                                                                     Кенжалы ЕРІМБЕТОВ
30 қараша 2018 ж. 1 501 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 422 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам