Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚАРМАҚШЫДА ОБЛЫСТЫҚ ЖАЗБА АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ

ҚАРМАҚШЫДА ОБЛЫСТЫҚ ЖАЗБА АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ

    Қармақшы ауданы әкімдігінің қолдауымен Көшеней Рүстембеков атындағы аудандық «Жыраулар үйінің» ұйымдастыруымен «Қармақшы ауданының құрметті азаматы» ақын ұстаз Мұхамбетқали Шыңғысовтың туғанына 90 жыл толуына орай «Сырымды жеткіз жырларым...» атты облыстық жазба ақындар мүшәйрасы өтті.
Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Меңлібаев Еркебұлан Қайырбекұлы құттықтау сөз сөйлеп, қатысушы талапкер ақындарға сәттілік тіледі.
Ақын, ұстаз Мұхамбетқали Шыңғысов ағамызбен замандас болып көзін көрген зиялы қауым өкілдері құрметті ардагер ағаларымыз Қармақшы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Есдәулетов Қаршыға, аудандық мәслихат депутаты, ақын Алтай Үсеновтер естеліктер айтты.
Мүшәйраға қатысқан 12 ақынға арнайы құрылған әділ қазылар алқасы төрелік жасап, нәстижесінде Бас жүлде Ғабит Кәдірбайға /Қызылорда қаласы/, І орын Ақжол Түменбайға /Қазалы ауданы/, ІІ орын Орынкүл Тынымбаева /Қармақшы ауданы/, ІІІ орын Тұрар Бекмұрзаевтар /Қармақшы ауданы/ иеленді. Барлық қатысушы ақындар арнайы Алғыс хаттармен марапатталды.

07 желтоқсан 2018 ж. 1 382 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 040 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам