Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » «Жас Отан» «Қайырымдылық аптасын» жариялады

«Жас Отан» «Қайырымдылық аптасын» жариялады

    «Жас Отан» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалы Жаңа жыл мерекесі қарсаңында «Қайырымдылық аптасы!» акциясын жариялады. Акцияға жергілікті «Мағжан және К» ЖШС директоры М.Ералиев, «Би Али ЛТБ» ЖШС директоры А.Шаукенбаев, «Zhekas ice» ЖШС директоры Р.Қалмағанбет сынды жас кәсіпкерлер демеушілік жасады.
Алдағы уақытта акция аясында Ұлы Отан соғысы, тыл ардагерлерін мерекемен құттықтау, жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларға азық-түлік апарып, көмектесу шаралары басталмақ.  Сондай-ақ, Талсуат балалар оңалту орталығында қайырымдылық шыршасы өткізіліп, емделуші 50 бүлдіршінге сыйлықтар табысталады. Мұнан бөлек, дауна синдромымен ауыратын және мүмкіндігі шектеулі, үйден оқытылатын 50 бүлдіршінге арнайы кеш ұйымдастырылып, сыйлықтар үлестірілмек. Ал қаламыздың тазалық жұмыстарын жүргізіп, қыстың қытымыр суығына қарамастан еңбектенетін жұмысшыларға арнап «Кел шәй ішейік» акциясы ұйымдастырылады.
Аталмыш акция аясында мұндай шаралар облысымыздың барлық аудандарында және Байқоңыр қаласында өткізілмек. Акция желтоқсан айының 25-нен бастау алып 31-не дейін жалғасады.
Айта кетейік, облыстық «Жас Отан» Жастар қанаты қайырымдылық шараларын жүйелі түрде ұйымдастырып келеді. Жыл басынан бері ДЦП диагнозымен ауыратын 6 бүлдіршінге қайырымдылық концерттері арқылы 4 миллион теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетілген.
27 желтоқсан 2018 ж. 1 208 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 585 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам