Денис Тенмен соңғы рет кездескен достары сотта жауап берді

Руслан Хайруллаев процесске куәгер ретінде шақырылған. Ол қылмыс болған күні соңғы рет әйгілі спортшымен кездескен еді. Екеуі мейрамханада тамақтанып шыққаннан кейін Денис Тенге ұрылар шабуыл жасаған.
Оксана Тен қамауға алынғандардың өкініш те білдірмегеніне қапалы. Марқұмның анасы сотталушылардың біреуі де кешірім сұрамады, олар кінәсін сезінбеген дейді. Еске салсақ, Олимпиада жүлдегері Денис Тен өткен жылы жазда ұрылардың қолынан қаза тапқан еді. Ізін суытқан қаскөйлерді тәртіп сақшылары бірден қолға түсірді. Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясов «адам өлтіру» және «қарақшылық» бабымен айыпталса, Жанар Толыбаева қылмысты біле тұра тиісті органдарға хабарламады деген күдікке ілінген. Прокурор оқыған айыптау актісіне сәйкес, ұрылардың бірі қылмысын жасыру үшін спортшыға пышақ сұққан. Бірақ осыған дейін үш сотталушы да қылмысқа ешқандай қатысымыз жоқ деп ақталған еді. Құдайбергенов тек айнаны ғана ұрладым деп жауап берген.
https://www.ktk.kz